Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 1:55
      Аймақ 15.02.2017, 15:58 0 пікір 682 просмотров

      Атырау облысында жыл аяғына дейін 13 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылады

      Бұған дейін жеке жұмыс жүргізіп, түрлі қағазбастылық пен кедергілерге тап болған фермерлер енді ұжымдасып тірлік етудің тиімді болатынына сенімді.


      Жалпы облыстағы 180 мал бордақылау алаңында 3 мыңнан астам мал ұсталады. Мемлекеттен әр бас мал үшін 20 мың теңге субсидия қаралған. Ендігі мәселе өндірілген өнімді өткізуде.

      Одан бөлек, күні бүгін Атырауда 2 ет өңдеу комбинаты бар. Олар шикізаттың аздығынан толық қуатының 50-60 пайызын ғана пайдалануда.

      Ал, біз болған Таңдай ауылдық округінде кәсіп бастағандардың қатары күн санап көбейіп келеді. Солардың бірі, жас фермер Кенжебектің бордақыға қойған 22 бас тайөгізі тұр. Мемлекет көмегімен жеңілдетілген несие алып іс бастаған кәсіпкер, өзі секілді шаруагерлермен бірге кооперативке біріккен. Ол бұл өзгерістің ісін енді бастағандар үшін үлкен көмек болатынына сенімді.  

       

      -          Малыңды үйден жемдеп болып, бәрін біткеннен кейін үйден мал сою алаңына апарып өлшеп, сол арадан ақшаңды қолма-қол береміз деп айтып жатыр ғой. Ол біз үшін өте жақсы, ыңғайлы деп ойлаймын,- дейді Кенжебек ҒҰБАШЕВ.

      Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сырым РЫСҚАЛИЕВ, мұндай жағдайда ешкімнің ұтылмайтынын айтады.

      -          Бізде өңдеу цехтарына НДС-ын жабуға субсидия қаралған. Сосын цехтарға коопертивтен мал алғаны үшін жеңілдіктер бар. Сонда бұл жерде Үкімет барлық тараптарға жеңілдіктер қарастырып отыр.

      Қазірдің өзінде бір ғана Таңдай ауылының өзінен 3 мыңдай сиыр, 6 мыңдай қой, 500-ге тарта жылқы өреді екен. Демек, енді ауыл еңбеккерлері осы мемлекет берген көмекті пайдаланып, коопертивтер құрып, осы жұмысты әрі қарай жалғастырмақшы. Ал, жаңа жылдан бері қарай осы ауылдың өзінде 15 адам жеке несие алып, істерін бастаса, тағы 11-і жаңа талапқа бет бұрып отыр.

      Осылайша, Елбасының биылғы Жолдауында ауылшаруашылығы кешеніне жете мән бергені және іріленген шаруашылықтарға мемлекет тарапынан нақты көмек беру жөніндегі  тапсырмасы шаруалардың көңілінен шықты деуге негіз бар.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _     ______  __    __     ___      ______  
      | \  / ||  /_   _// \ \\ / //   / _ \\   /_   _// 
      |  \/  ||   -| ||-   \ \/ //   / //\ \\    | ||   
      | .  . ||   _| ||_    \  //   |  ___  ||  _| ||   
      |_|\/|_||  /_____//    \//    |_||  |_|| /__//    
      `-`  `-`   `-----`      `     `-`   `-`  `--`     
                                                        
      
       
      Наверх