Новости Атырау - Мунайлы Астана

    17 октябрь 2017, 11:51
      Мұнай 15.02.2017, 16:08 0 пікір 822 просмотров

      «Қашаған» биыл 4-7 миллион тонна мұнай береді

      Әзірге кенішті монтаждау және жайғастыру жұмыстары жүріп жатқандықтан, тәулігіне 180 мың баррель мұнай алынуда. Дегенмен,  алаңда мұнай беретін ұңғымалардың саны артып келеді.


      Солтүстік Каспий жобасы операторының айтуынша, қазірдің өзінде Каспий қайраңындағы жасанды аралдарда орналастырылған 40 ұңғыманың 10-ы іске қосылған. Ұңғымалардың саны артқан сайын, мұнай көлемі де көбейіп, тәулігіне 370 мың баррельге жететін болады. Сондай- ақ, «Қашаған» мұнайын сыртқы нарыққа тасымалдауда ешқандай проблема жоқ көрінеді.

       

      -          Күні бүгін Қашаған мұнайы 3 бағытта тасымалданады. Біріншісі: «Атырау- Новороссийск» бағытындағы КҚК жүйесі. Ал, «Атырау- Самара» құбыры арқылы біздің өніміміз «Транснефть» құбырына қосылады. Үшінші бағыт: шығысқа шығатын «Атырау- Алашанькоу» құбыры. Сол себепті Қашаған мұнайын әлемдік нарыққа жеткізуде кідіріс болмайды. Өткен жылы КҚК жүйесі кеңейтіліп, мұнай тасымалдау мүмкіндігін жылына 67 миллион тоннаға арттырды,- дейді  «НОРТ КАСПИАН ОПЕРЕЙТИНГ КОМПАНИ Б.В» консорциумының басқарушы директоры Бруно Жардэм.

      Жалпы, қосымша мұнай тасымалы бағыттары тек «Қашаған» мұнайы үшін ғана емес, Каспий жобасындағы өзге кен алаңдары үшін де маңызды. Бұл орайда Бруно Жардэм  алғаш рет Қашаған кен алаңы маңындағы «Қаламқас», «Хазар» кеніштерін игеру туралы мәселенің шешімін тапқаны туралы мәлімдеді. Оларда шамамен 60-70 миллион тонна мұнай қоры бар деп болжанған.

      -          Қазіргі жағдайда жалғыз компанияға ауқымды жұмыстар жүргізу қиынға түседі. Сол себепті, «Қаламқас», «Хазар» кеніштерін қазақстандық «Каспиан меруэт оперетинг компании» консорциуммен бірлесіп игеруге келісім жасастық. Мұндай жағдай Солтүстік теңізде, жалпы әлемдік практикада кеңінен қолданылады,- деп мәлімдеді Бруно Жардэм.

       Айта кету керек, «НКОК»  консорциумы бұған дейін бұл мәліметтерді еш жерде жария етпеген болатын.


       

      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _    __   __    _____      ___      _____   
      | |  | ||  \ \\/ //  /  ___||   / _ \\   |__  //  
      | |/\| ||   \ ` //  | // __    | / \ ||    / //   
      |  /\  ||    | ||   | \\_\ ||  | \_/ ||   / //__  
      |_// \_||    |_||    \____//    \___//   /_____|| 
      `-`   `-`    `-`'     `---`     `---`    `-----`  
                                                        
      
       
      Наверх