Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 октябрь 2017, 11:50
      Аймақ 15.02.2017, 16:58 0 пікір 710 просмотров

      Атыраудағы ПИК-тер биылдан бастап тұрғындар алдында әр жұмсаған тиынына есеп береді

       Бұл туралы бүгін, 15 ақпанда Атырау қаласының әкімі Серік ШАПКЕНОВ тұрғындар алдында есеп беруі кезінде айтты.


       

      Оның айтуынша, бұдан былай қаладағы пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) жұмысы қатаң бақылауға алынады. Өйткені, қала әкімдігіне келіп түсетін арыз- шағымдардың жартысынан көбі осы ПИК- тердің жұмысына қатысты болып отыр.
       -    Тұрғындардың өз шағымдарында көрсеткеніндей: «қаладағы көптеген ПИК- тер өз         міндеттеріне немғұрайлы қарайды. Тіпті, кейде тікелей міндеттерімен де айналысқысы келмейді. Ал бірақ, ПИК- тердің есепшоттарында аз қаражат жатқан жоқ...».
      Әкімдікке келіп түскен осындай арыз- шағымдар бойынша біз бірнеше рет қаладағы ПИК- тер жиналыстарына қатысып, ондағы жағдайларды өз көзімізбен барып көрдік. Бір ғана мысал келтірейін, кеше ғана «Каспий толқыны» деген пәтер иелері кооперативінің жиналысында болдық. Аудиторлік тексеріс кезінде көрсеткені- бес жылда пәтер иелері кооперативтері тұрғындардан 70 млн. қаражат жинаған. Оны жылға бөлгенде 14 млн.теңгеден келіп отыр. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, біздің есебімізше, 14 млн. қаражат Геолог ауылдық округін ұстап тұруға жететін қомақты сома. Сонда қараңыз, жылына қаншама қомақты қаражаттар пәтер иелері кооперативтерінде жүреді. Тұрғындардың ПИК- терге олардың қызметі үшін төлейтін ақшасы қайда, қалай жұмсалатыны тағы белгісіз. Осы жерде айтқым келетіні, жалпы ПИК- тердің қызметіне сол кооперативтер басқаратын үй иелері тікелей араласуы тиіс. Бұл тек әкімдіктің ғана шешетін мәселесі емес. Осы жерде қолма- қол қаражатсыз төлем жасау мәселесін шешкен жөн деп ойлаймын. Біз осындай жүйені енгізу арқылы ғана көлеңкелі экономикамен күресе аламыз. Ендеше, аталған мәселенің шешімін бірлесіп табу үшін барлық азаматтарды жұмыла бас қосуға, белсенділік танытуға шақырамын,- деді Серік Шапкенов.
      Осылайша пәтер иелері кооперативтері жұмысын сынға алған Атырау қаласы әкімі биылғы жылдан бастап қаладағы барлық ПИК- тердің өз қызметтерін дұрыс атқаруын, бюджетіндегі қаражаттың қайда, қалай жұмсалғандығы туралы тұрғындар алдында есеп беруін міндетті түрде қолға алатындығын шегелеп айтты.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____   __   __    _____      ___      ____    
        / ___//  \ \\/ //  /  ___||   / _ \\   |  _ \\  
        \___ \\   \ ` //  | // __    / //\ \\  | |_| || 
        /    //    | ||   | \\_\ || |  ___  || | .  //  
       /____//     |_||    \____//  |_||  |_|| |_|\_\\  
      `-----`      `-`'     `---`   `-`   `-`  `-` --`  
                                                        
      
       
      Наверх