Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 5:57
      Аймақ 15.02.2017, 18:13 0 пікір 715 просмотров

      311 көшеге тас жол төселмек

      Бүгін қала тұрғындары алдында есеп берген қала әкімі Серік ШАПКЕНОВ осылай деді. 


      Қала әкімінің айтуынша, есепті жылда бұрын болып көрмеген тас жолдар салу мәселесі біртіндеп шешімін табуда. 2016 жылы қала және қалаға қарасты елді-мекендерде жалпы ұзындығы 96 шақырымды құрайтын автокөлік жолдарының құрылысы жүргізілді. Оның 18 шақырымы қалада болса, 77 шақырымы ауылдық округтерде салынды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала мен елді мекендердегі 47 көшеге жасанды жол кедергілері орнатылды. Осылай деген шаһар басшысы былтырғы жылы басталған жолдар биыл жалғасын тауып, аяқталатындығын жеткізді. Қала әкімі есебі кезінде де тұрғындар тарапынан жол мәселесіне қатысты сұрақтар көп кездесті. Жұмыскер ауылдық округі тұрғындары талай жылдан бері жолдың азабын тартып келетіндіктерін жеткізіп, Жұмыскердегі жолдың жайы облыс, шаһар басшыларының назарларында болса деген өтінішін білдірді. Қала әкімі Серік Жамбылұлы өз кезегінде «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында республикалық трансферттер есебінен қала мен елді мекендердегі 23 нысанға инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын жалғастыруға қаражат бөлу көзделуде, биыл Атырау қаласы мен қала аумағындағы елді-мекендерге жалпы ұзындығы 250 шақырымды құрайтын 311 көшеге автокөлік және жаяу жүргіншілер жолдарының құрылысын жүргізу жоспарлануда екендігін жеткізді.


      Арайлым БАҒЫТЖАН

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____      ___     _    _    __   __    ______  
       / ____||   / _ \\  | || | ||  \ \\/ //  /_____// 
      / //---`'  | / \ || | || | ||   \ ` //   `____ `  
      \ \\___    | \_/ || | \\_/ ||    | ||    /___//   
       \_____||   \___//   \____//     |_||    `__ `    
        `----`    `---`     `---`      `-`'    /_//     
                                               `-`      
      
       
      Наверх