Новости Атырау - Мунайлы Астана

    20 октябрь 2017, 13:02
      Қоғам 15.02.2017, 18:56 0 пікір 658 просмотров

      Серік ШАПКЕНОВ: «9 мектептің оқушылары орын тапшылығына орай үш ауысымда оқуға мәжбүр»

      Қала басшысы Серік Жамбылұлы бүгін атыраулықтар алдында есеп беру кезінде білім беру саласына да жіті тоқталды.


      Шапкенов мырзаның айтуына қарағанда бүгінде қаламыздың білім саласында қордаланған негізгі 4 мәселе тұр. Нақтырақ айтқанда, 9 мектептің оқушылары орын тапшылығына орай үш ауысымда оқуға мәжбүр және бұл үрдіс жыл сайын көбейе түседі. Балабақша кезегін 12 327 бүлдіршін күтуде. Қала бойынша 11 мектеп пен 11 балабақша күрделі жөндеуден өткізуді қажет етеді. 14 мектепке оқушылар тасымалы үшін жаңа автобустар керек. Қала әкімі аталған мәселелерді шешу мақсатында қолға алынып жатырған жұмыстарға тоқтала кетті. - Осы бағытта «Нұрсая» ықшам ауданынан 900 орындық, «Самал» ықшам ауданынан 624 орындық мектептер құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасының байламын жасақтауды жоспарлап отырмыз. Жоғарыда айтылған мәселелерді шешу мақсатында Атырау қаласы бойынша жаңадан 624 орындық орта мектеп - Ақжар-2, Ақсай-2, Тасқала-2, Еркінқала-2 ауылдары, «Көктем», «Жұлдыз-2», «Бірлік-2», «Балауса» ықшам аудандарынан 8 мектеп және 280 орындық – 15, 160 орындық саны – 5 балабақшаның құрылысын салу үшін жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталуда, - деді Серік Жамбылұлы. Сонымен бірге шаһар басшысы білім сапасын жақсартуды, педагог кадрлердің жетіспеушілігін жоюды тапсыру бағытында да нақты жоспарлар бар екендігін жеткізді.


      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____    __   __   ______      ___    __    __  
       |__  //   \ \\/ // |      \\   / _ \\  \ \\ / // 
         / //     \ ` //  |  --  //  | / \ ||  \ \/ //  
        / //__     | ||   |  --  \\  | \_/ ||   \  //   
       /_____||    |_||   |______//   \___//     \//    
       `-----`     `-`'   `------`    `---`       `     
                                                        
      
       
      Наверх