Новости Атырау - Мунайлы Астана

    20 октябрь 2017, 20:16
      Экономика 16.02.2017, 12:24 0 пікір 379 просмотров

      Қазақстанның валюта нарығында тұрақтылық байқалады

      Бұл туралы кеше Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына өзгерістер мәселелері жөніндегі баяндамада сөйлеген сөзінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына  хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта валюта нарығындағы тұрақты теңгенің бағамы сыртқы экономикалық жағдайлардың жақсаруына орай нығайып отыр.


      -Айырбастау бағамының еркін өзгермелі режіміне өткеннен және экономика субъектілері жаңа жағдайларға бейімделгеннен кейін айырбастау бағамы объективті факторларға сәйкес келеді және өндірушілеріміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Мұның бәрі  Ұлттық Банктің валюта нарығына араласпауы аясында болып отыр. Біз 2016 жылғы қыркүйектен бастап интервенция жүргізбейміз», – деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы. Мұндай саясаттың алтынвалюта резервтерін сақтауға мүмкіндік беретінін де алға тартты төраға. Мәселен, Ұлттық Банк басшысы хабарлағандай, қаңтардың соңында Ұлттық қордың валюта активтерін қоса алғанда, елдің жалпы резервтері дерлік 92 млрд. долларға жеткен. Бұл 2015 жылдың соңындағы деңгейден жоғары.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __     ___               _    _    _____    
       \ \\/ //   / _ \\      ___   | || | || |  __ \\  
        \   //   / //\ \\    /   || | || | || | |  \ || 
        / . \\  |  ___  ||  | [] || | \\_/ || | |__/ || 
       /_//\_\\ |_||  |_||   \__ ||  \____//  |_____//  
       `-`  --` `-`   `-`     -|_||   `---`    -----`   
                               `-`                      
      
       
      Наверх