Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 11:31
      Қоғам 16.02.2017, 14:44 0 пікір 415 просмотров

      Мәлімет тапсыратын уақыт келді

      Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және  өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы табыс етілетін мәліметтердің мерзімі жақындағандығын ескертеді.


       Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары А.ГАЛИМОВТЫҢ айтуынша, мұндай мәліметтерді заңдық көмек көрсету, оның ішінде құқықтық ақпарат беру, азаматтардың және ұйымдардың құқығын қорғау және өкілі болу, және де оларға консультативтік мағлұмат беру; қоғамдық, социологиялық ойлар бойынша сұхбат алу және зерттеу (коммерциялық мақсатта жүргізілген қоғамдық, социологиялық ойлар бойынша сұхбат алу және зерттеулерден басқа) және де олардың қорытындысын тарату және жария ету; мағлұматтарды жинау, талдау және тарату, көрсетілген қызмет коммерциялық бағытта жүргізілгенінен басқа көрсететін тұлғалар табыс етеді. Ал, 2016 жылғы №553 санды бұйрыққа сәйкес, шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді жеке және заңды тұлғалар және заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері мемлекеттік кірістер органдарына табыс етеді. -Сонымен қатар, 017.00 нысанының табыс етілу мерзімі мәміле жасалған күннен кейінгі 10 жұмыс күн ішінде, 018.00 нысаны алынған ақша және мүлік толық жұмсалғанға дейін есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей табыс етіледі,-дейді басшының орынбасары.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  _      ___      _  __   __   __    _____   
       | \| ||   / _ \\   | |/ //  \ \\/ //  /  ___|| 
       |  ' ||  | / \ ||  | ' //    \ ` //  | // __   
       | .  ||  | \_/ ||  | . \\     | ||   | \\_\ || 
       |_|\_||   \___//   |_|\_\\    |_||    \____//  
       `-` -`    `---`    `-` --`    `-`'     `---`   
                                                      
      
       
      Наверх