Новости Атырау - Мунайлы Астана

    17 октябрь 2017, 17:28
      Қоғам 16.02.2017, 17:19 0 пікір 373 просмотров

      Серік ШАПКЕНОВ: «18 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр»

      Кеше Атырау қаласы әкімі Серік Жамбылұлы қала тұрғындары алдында есеп беру кезінде күні бүгінде қала бойынша пәтерге мұқтаж 18 мың адам кезекте тұрғандығын айтты.


      Бұған қоса қала бойынша 62 көппәтерлі апатты, тозығы жеткен тұрғын үйлер мен жатақханалар бар.  Қала басшысы есебінен түйгеніміздей, өткен жылы тұрғын үй құрылысына 18 млрд. теңге инвестиция бағытталып, қала бойынша жалпы ауданы 346,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. «Өңірлерді дамыту – 2020», «Нұрлы Жол» бағдарламалары аясында «Береке», «Нұрсая» шағын аудандарынан барлығы 18 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыстары басталды.

      - Баршаңызға белгілі, қазiр тұрғындардың барлық топтарының нақты табысына сай нарықтық принципке негiзделген тұрғын үйлер салынуда. Тұрғын үйдi мемлекеттiк ипотекалық несиемен алудың мемлекеттiк бағдарламалары да осыған негiзделген. Қолданыстағы заңнамаларға сай, пәтерлер тек кезекпен беріледі. Осыны дұрыс түсінгендеріңіз абзал, - деген қала басшысы биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Береке», «Нұрсая» ықшам аудандарынан тағы 13 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланып отырғандығына тоқталды. Сондай-ақ есептік жиында шаһар басшысы Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып отырған әлеуметтік жобалардың бірі - «Терможаңғырту» бағдарламасына да шолу жасап, есептік кезеңде 5 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткендігін, ал биылғы жылы осы бағдарлама шеңберінде қаладағы 11 көпқабатты тұрғын үйді жөндеуден өткізу жоспарланып отырғандығын айтты.


      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _    __   __    ______     ___       _____  
      | || | ||  \ \\/ //  /_   _//   / _ \\    / ___// 
      | || | ||   \ ` //     | ||    | / \ ||   \___ \\ 
      | \\_/ ||    | ||     _| ||    | \_/ ||   /    // 
       \____//     |_||    /__//      \___//   /____//  
        `---`      `-`'    `--`       `---`   `-----`   
                                                        
      
       
      Наверх