Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 октябрь 2017, 6:16
      Аймақ 17.02.2017, 11:27 0 пікір 432 просмотров

      Шекарадан алып өтетін тауарлар саны қысқарды

       Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмыс басқармасының хабарлауынша, ҚР Қаржы министрінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы  №12 бұйрығымен «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №250 бұйрығына өзгерістер енгізілген.


      Яғни, аталған бұйрыққа сәйкес шекара арқылы өткізуге болатын жеке пайдалануға арналған тауарлардың тізімі қысқартылып, тізімнен киiм және киім заттары, төсек - орын керек -жарақтары, кілемдер және басқа еденге жаятын тоқымалар, бас киiмдер, аяқ киiм, былғарыдан жасалған бұйымдар, дәретханалық керек - жарақтар мен парфюмериялық - косметикалық бұйымдар,тамақ өнiмдерi, тұрмыстық техника және электр аспаптары сияқты тауарлар алынып тасталған. Айта кетейік, жаңадан белгіленген тәртіп бойынша, Кеден одағының кедендік аумағына алып жүретін және алып жүрмейтін багажда жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты, жеке пайдалануға арналған тауарларға мыналар жатады. Біріншіден, егер олардың саны мынадай көрсеткіштерден аспаса:
      ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін аң терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) - бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1  зат;
      ұялы телефон, смартфон - бір адамға 2 бірлік;
      планшет - бір адамға 2  бірлік;
      портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) - бір адамға 1 бірлік;
      зергерлiк бұйымдар - бiр адамға 5 зат;
      велосипед - бiр адамға 1 дана;
      бала арбасы - бiр адамға 1  дана;
      Екіншіден, Кеден одағының кедендік шекарасы  арқылы жеке тұлғаның өту және оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 реттен аспаса. Сонымен қатар, Кеден одағының кедендік аумағына кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 бірліктен асса, онда ол кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.Тағы бір айта кететін жайт -  бұл көрсеткiштер бұрын пайдалануда болған тауарларға (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда) қатысты қолданылмайды. Бұйрық осы  жылғы 14 ақпанда қолданысқа енгізіліп отыр.


       

      Гүлзада Қожабергенқызы
         

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
      __    __   __   __  __    __     ___       _____  
      \ \\ / //  \ \\/ // \ \\ / //   / _ \\    / ___// 
       \ \/ //    \ ` //   \ \/ //   | / \ ||   \___ \\ 
        \  //      | ||     \  //    | \_/ ||   /    // 
         \//       |_||      \//      \___//   /____//  
          `        `-`'       `       `---`   `-----`   
                                                        
      
       
      Наверх