Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 10:23
      Қоғам 17.02.2017, 12:09 0 пікір 432 просмотров

      «Борышкер» борышкерлерге рақымшылық жасамайды

       Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 қаңтар мен 2 наурыз аралығында Атырау облысы аумағында «Борышкер» алдын алу шарасы өткізілуде.  Шара кезінде тұрғындарға бұрын салынған әкімшілік айыппұлдар өндіріліп жатыр.


      Айта кету керек, құқықбұзушыларға салынған айыппұлды толық өндіріп алу үшін аталған шараны ішкі істер органдары қызметкерлері прокуратура және сот орындаушыларымен бірлесіп өткізуде. Рейд кезінде жол-патрульдік полиция қызметкерлері жол үстінде «Автоураган» көлігіне орнатылған арнайы жүйе арқылы тексеріс жүргізеді. Ал, борышкерлер тізімінде тұрған көлік жүргізушісі анықталған жағдайда көлік айыппұл тұрағына жеткізілсе, тіпті айыппұл төлегісі келмегендерге 10 АЕК көлемінде айыппұл салу болмаса 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған ҚР ӘқбК-нің 669 бабына (сот үкімін немесе шешімін орындамау)  сәйкес әкімшілік протоколы толтырылады. Бұдан басқа, өңірде учаскелік инспекторлар мен сот орындаушылары борышкерлердің мекен жайы бойынша аралау жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты Ішкі істер департаменті тұрғындардан қиын жағдайға тап болмас үшін өздерінің әкімшілік айыппұлының бар-жоғын тексеруге және салынған айыппұлдарды уақытылы төлеуге кеңес береді. Еске сала кетейік, айыппұлды Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп Комитетінің рravstat.kz  сайтынан тексеруге болады.


      Гүлзада Қожабергенқызы
         

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _    __   __    ______     ___      _____   
      | \  / ||  \ \\/ //  /_____//   / _ \\   / ____|| 
      |  \/  ||   \ ` //   `____ `   / //\ \\ / //---`' 
      | .  . ||    | ||    /___//   |  ___  ||\ \\___   
      |_|\/|_||    |_||    `__ `    |_||  |_|| \_____|| 
      `-`  `-`     `-`'    /_//     `-`   `-`   `----`  
                           `-`                          
      
       
      Наверх