Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 12:31
      Аймақ 20.02.2017, 17:55 0 пікір 367 просмотров

      Биыл көктемгі су тасқынының деңгейі жоғары

      Бүгін 20 ақпан күні  Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа бейнеселекторлық режимінде аудан әкімдері де қатысты.


      Бірінші қаралған мәселе -  биылғы жылдың көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жайы болды. Бұл мәселе бойынша Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Сағынбек Өмірзахов облыстың көктемгі су тасқынына дайындық мәселесі мен департамент тарапынан су тасқынын апатсыз өткізу барысында атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде және облыс бойынша бөгеттер мен дренаж жүйесі бойынша өзекті мәселелер турлы баяндап берді. Ал,  «Қазгидромет» РМК-ны Атырау облысы бойынша филиалы директорының уақытша міндетін атқарушы А.Әміров «Қазгидромет» РМК-ның 1 ақпандағы алдын ала болжамына сәйкес, Жайық өзенінің жоғарғы бассейнінде, яғни Ресей аумағында қар қоры мен күзгі топырақтың ылғалдылығы нормадан 20-50 пайыз жоғары болуына байланысты көктемгі су тасқыны деңгейі жоғары болатынын, бұған қоса қазіргі уақытта қар қорының жиналуы жалғасатынын мәлімдеді. Қазіргі уақытта Ойыл, Жем, Сағыз өзендерінің көктемгі су көлемі жалпы нормада немесе төмен деп болжануда. Аймақ басшысы қатысқан жиында Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысымен, қала және аудан әкімдерінің де баяндамасы тыңдалды. Көктемгі су тасқыны кезеңінде қажетті деңгейде қауіпсіздікті қамтамсыз ету бойынша уақытылы іс-шараларды өткізу  бойынша қала және аудандардың, мекемелер мен ұйымдардың басшыларына комиссия төрағасы тарапынан  тапсырмалар берілді.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   _    _    _    _    _    _    _    _    _   
      | || | || | || | || | \  / || | || | || | || | || 
      | '--' || | || | || |  \/  || | || | || | || | || 
      | .--. || | \\_/ || | .  . || | \\_/ || | \\_/ || 
      |_|| |_||  \____//  |_|\/|_||  \____//   \____//  
      `-`  `-`    `---`   `-`  `-`    `---`     `---`   
                                                        
      
       
      Наверх