Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 10:22
      Қоғам 21.02.2017, 15:25 0 пікір 402 просмотров

      Атырау қалалық құрылыс бөлімінен 20 миллион теңге өндірді

       Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ақниет-БН» ЖШС-нің «Қалалық құрылыс бөлімі» ММ-нен 20 000 000 теңгені өндіру туралы азаматтық іс қаралды. 


      Сотта анықталғандай, «Ақниет-БН» ЖШС-мен «Қалалық құрылыс бөлімі» ММ-нің арасында мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт жасақталған. Келісім шарттары бойынша жауапкер өзіне «Атырау қаласындағы 5 жаяу жүргінші өткелдері құрылысын салуға жоба-сметалық құжаттарын жасақтау» объектісі бойынша жұмыстарды орындау міндеттемесін қабылдаған. Нәтижесінде  «Ақниет-БН» ЖШС-гі келісім шарт бойынша өз міндеттемелерін толығымен орындағанымен, «Қалалық құрылыс» бөлімі ММ-сі тарапынан 20 000 000 теңгеге жасақталған актіге қол қойылмаған. Яғни, 2016 жылы тағайындалған басшы жұмыстар оның басшылық еткен мерзімінде жасалмағандықтан актіге қол қоюдан бас тартқанын айтқан.  Сотта «Ақниет-БН» ЖШС-нің өз міндеттемелерін орындағаны Атырау облысы бойынша «Мемлекеттік  сараптама» РММ-сі филалы директорымен бекітілген, мемлекеттік сараптаманың қорытындысымен дәлелденді. Сот шешімімен талап қоюшы «Ақниет-БН» ЖШС-нің «Қалалық құрылыс бөлімі» ММ-нің жұмыс жасалғаны жөнінде біржақты қол қойылған актіні жарамды деп танып, 20 000 000 теңгені өндіру туралы  азаматтық іс бойынша талап арызы толығымен қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _____     __   __   _    _      ___      _____   
      |  __ \\   \ \\/ // | |  | ||   / _ \\   /  ___|| 
      | |  \ ||   \ ` //  | |/\| ||  | / \ || | // __   
      | |__/ ||    | ||   |  /\  ||  | \_/ || | \\_\ || 
      |_____//     |_||   |_// \_||   \___//   \____//  
       -----`      `-`'   `-`   `-`   `---`     `---`   
                                                        
      
       
      Наверх