Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 11:32
      Аймақ 22.02.2017, 11:59 0 пікір 433 просмотров

      Зейнетақы мен жәрдемақы өсе ме?

       Астанада өткен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа отырысында Тамара Дүйсенова жаңа әдістеме бойынша есептелетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы мен базалық зейнетақы мөлшері 16 пайызға көтерілетінін мәлімдеді.


      Осы мақсатта келесі жылдың екінші жартысында мемлекет бюджетінен 147 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, алқа отырысында  біріңғай зейнетақы қорымен шарт жасаспай жұмыс істеп жатқан 1 миллионға жуық азамат бар екені белгілі болды.
      "Жыл сайын біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 600 миллиард теңге түседі. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Бұл ретте жалдамалы жұмысшалардың үлесі жоғары. Ендігі кезекте біз 10 наурызға дейін республика көлемінде жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып, тұрғындардың жұмыспен қамту жайын тағы да пысықтауымыз қажет", - деді өз сөзінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   _    _    _     _  __     ___      ______  
      | || | || | || | ||  | |/ //   / _ \\   /_   _// 
      | '--' || | || | ||  | ' //   / //\ \\    | ||   
      | .--. || | \\_/ ||  | . \\  |  ___  ||  _| ||   
      |_|| |_||  \____//   |_|\_\\ |_||  |_|| /__//    
      `-`  `-`    `---`    `-` --` `-`   `-`  `--`     
                                                       
      
       
      Наверх