Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 11:30
      Экономика 22.02.2017, 12:02 0 пікір 479 просмотров

      Атырауда газбен уланудың 22 оқиғасы тіркелді

      Бұл жөнінде кеше, 21 ақпан күні Атырау өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында брифинг өткізген Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Жасболат Бержанов айтты.


      Жылыту маусымы кезіндегі улы газдан улану фактілерінің алдын алу мәселесін көтерген брифингке «АймақГазИнвест» ЖШС директоры К.Ризуанов пен  РКЦУ ЖШС директорының орынбасары Е. Мырзабеков қатысты.   Ж. Бержановтың айтуынша, уланудың басты себептері  көмірқышқыл мен табиғи газ болып отыр.
      - Улы газдың ең жаман сипаты оның иісі болмайды, яғни ауада оның буының болуын арнайы қондырғысыз анықтау мүмкін емес. Ол барлық жерде пайда болуы мүмкін. Ол үшін кез келген жану процесі болса жеткілікті. Жану ошағының жанында оттегі концентрациясының жеткіліксіздігі кезінде тұншықтырғыш газдың пайда болуына жағдай жасалады, - дейді ол. Ресми дерек бойынша жылыту маусымы кезінде, яғни 2016 жылдың 15 қазанынан 2017 жылдың 15 ақпанына дейінгі аралықта облыс аумағында улағыш газбен уланудын 22 фактісі тіркелген. Қазіргі уақытта «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қызметкерлерімен газ қондырғыларын қауіпсіз пайдалануды түсіндіру мақсатында алдын алу шараларын бірлесіп өткізуде.


      Гүлзада Қожабергенқызы



       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  __    _____    __   _      ___       _____  
       | |/ //  |  ___|| | || | ||   / _ \\    / ___// 
       | ' //   | ||__   | '--' ||  | / \ ||   \___ \\ 
       | . \\   | ||__   | .--. ||  | \_/ ||   /    // 
       |_|\_\\  |_____|| |_|| |_||   \___//   /____//  
       `-` --`  `-----`  `-`  `-`    `---`   `-----`   
                                                       
      
       
      Наверх