Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 9:17
      Қоғам 22.02.2017, 17:37 0 пікір 420 просмотров

      Атырауда қаражат мақсатсыз жұмсалған

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында Жылыой аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысына қатысты тәртіптік іс қаралды.


      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп кеңесінің төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов жүргізген кеңес отырысында департаменттің бас маманы Ренат Сәлімғали Құлсары қаласындағы үш қабатты 60 пәтерлік бес үйдің инженерлік жүйелері мен абаттандырылуына байланысты бірнеше заң бұзушылық фактілері анықталғанын баяндады. Яғни, қаражат басқа мақсатқа жұмсалып, заңсыз игерілген. Кеңес шешімімен Жылыой аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Е.Жалеловке мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылыққа жол бергені үшін тәртіптік жаза қолдану жөнінде Жылыой ауданының әкіміне ұсыным берілді. Сонымен қатар, кеңесте Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының конкурстық комиссиясының мүшелеріне қатысты тәртіптік істер қаралды. Тексеріс аталған басқарма бас маманының конкурстық комиссия шешіміне қатысты өтініші негізінде жүргізілген екен. Бұл жерде де «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары бұзылып, кейбір талаптары мүлде сақталмағаны белгілі болған. Кеңес шешімімен, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының талаптарын сақтамағаны үшін, Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысына конкурстық комиссия төрағасы мен мүшелеріне қатысты тиісті тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____     ______   __   __     ___      _____   
       |__  //   /_   _//  \ \\/ //   / _ \\   |__  //  
         / //     -| ||-    \   //   | / \ ||    / //   
        / //__    _| ||_    / . \\   | \_/ ||   / //__  
       /_____||  /_____//  /_//\_\\   \___//   /_____|| 
       `-----`   `-----`   `-`  --`   `---`    `-----`  
                                                        
      
       
      Наверх