Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 1:08
      Қоғам 23.02.2017, 14:55 0 пікір 374 просмотров

      Атырауда 85 адам түрмеден босатылды

      Айта кетейік, өткен жыл соңында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заң қабылданған болатын. Бүгінгі күні Атырау қалалық пробация қызметінің пәрменімен кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған 85 адам қамаудан босатылған.


      Атап айтқанда, Атырау қалалық пробация қызметі қоғамнан оқшаулаусыз сотталған 140 тұлғаға қатысты жаза өтеуден босатуға, 120 сотталған адамға қатысты жаза өтеу мерзімдерін қысқартуға іс-құжаттар дайындап, Атырау қалалық №2 сотына жолдаған. Нәтижесінде осынша адам бостандыққа шықты. Сонымен қатар, ауыр қылмыс жасаған 15 адамның жаза өтеу мерзімдері қысқартылып отыр.
      -Рақымшылық жасауға жататын басқа да сотталған азаматтар өздерінің босатылу күндерін асыға күтуде. Әрине, бостандыққа шыққан мұндай азаматтар арқаны кеңге салып жүре алмайды. Заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттердің орындалуын бақылау арқылы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзелу жолына түсіру, қайта қылмыс жасаудың алдын алу, шартты және шетеу түрде сотталғандардың жалпыға ортақ әлеуметтік, моральдық және құқықтық нормаларды сақтауды басты мақсат тұтқан пробациялық бақылауда болады. Олардың мінез-құлқы мен жүріс-тұрысына бақылау жасалып, әлеуметтік қолдау көрсетіліп отыратын болады. Осы жылы Атырау қалалық қызметінен 600-ден астам адам есептен өтті. Осы бағыттағы жұмыстар  жалғасын табады, - дейді Атырау қалалық пробация қызметінің инспекторы әділет лейтенанты Н.Утаралиев
      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____      ___     _    _     ______    _____   
       / ____||   / _ \\  | |  | ||  /_   _//  /  ___|| 
      / //---`'  | / \ || | |/\| ||   -| ||-  | // __   
      \ \\___    | \_/ || |  /\  ||   _| ||_  | \\_\ || 
       \_____||   \___//  |_// \_||  /_____//  \____//  
        `----`    `---`   `-`   `-`  `-----`    `---`   
                                                        
      
       
      Наверх