Новости Атырау - Мунайлы Астана

    11 декабрь 2017, 8:23
      Қоғам 23.02.2017, 18:13 0 пікір 511 просмотров

      Т.Жұмағұлов: «Мемлекеттік қызметшінің жалпы тағдыры шешіледі»

      Айта кетейік, елімізде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру кезеңдерінің бірі  іс басындағы мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттаудан өткізу қарастырылған болатын. Жалпы, бұл аттестаттау мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілігі мен білім деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін шара болып отыр.


      Қазіргі уақытта ресми дерек бойынша, елімізде аттестаттаудан барлығы 65 мың адам, оның ішінде 58 мыңы аттестацияны өңірлерде өтіп жатыр. Осы уақытқа дейін белгілі болғандай, биыл «Б» корпусына кіретін мемлекеттік қызметшілердің аттестациясы кезінде бірқатар азаматтар біліктілікті тексеруден босатылды. Олардың ішінде бала күтіміндегі демалыста жүрген мемлекеттік қызметшілер, аяғы ауыр әйелдер, үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдер, 14 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп жатқан жалғызбасты аналар бар. Сол сияқты жалғызбасты әкелер де аттестациядан босатылмақ. Сондай-ақ зейнет жасына жақын азаматтар, мемлекеттік қызметте алты айдан аз уақыт істеп жатқандар да аттестациядан өтпейді. Бірақ,демалыс түрі, алған себебі мен мерзімі ескерілмейтін демалыстан шыққан қызметкерлер барлығымен бірге аттестацияға қатысады. Сондай-ақ, аттестациядан өтетіндердің ішінде орталық мемлекеттік органдар деңгейінде - департамент директорлары мен сарапшылар, облыста – мемлекеттік және атқарушы органдарының мамандары, ал аудандарда аудан әкімі орынбасарына дейінгі жетекші мамандар, аумақтық органдардың жетекшілері мен мамандары бар. Жылдың бірінші жартыжылдығында ұйымдастырылатын аттестациялау барысында «Б» корпусына кіретін мемлекеттік қызметшілердің заңды білу деңгейіне емес, олардың кәсіби біліктілігіне баса назар аударылады.

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облыстық департаментінің басшысы Тоқтамыс ЖҰМАҒҰЛОВТЫҢ айтуынша, бүгінде Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызметшілердіңштаттық саны – 3524 бірлікті құрайды екен. Оның ішінде 2321мемлекеттік қызметші аттестаттауға жатады. Аттестациядан өтетін қызметшілерге қойылатын тәртіп бірдей. Яғни, үш бағытта- бағалау парағы, тест қорытындысы және әңгімелесу кезеңдері бойынша біліктілігі анықталады.

      - Сондықтан әңгімелесуде осы мемлекеттік қызметшінің жалпы тағдыры шешіледі деп айтуға болады. Неге десеңіз, әңгімелесудің қорытындысына сай,мемлекеттік қызметшінің осы лауазым орнына сәйкес келе ме, немесе келмейді ме немесе төменгі лауазымды орынға ұсыну керек пе немесе қызметінен босату керек пе немесе жоғары лауазымды орына ұсыну керек пе деген нақты шешім қабылданады.Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 404 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу Қағидаларында осы мақсат көзделген болатын, - дейді департамент басшысы. Атырау облысы бойынша осы жылдың 1-14 ақпан аралығында кешенді аттестаттауға 636 азамат қатысып, сынақтан өткен. Олардың 123-і өте жақсы нәтиже көрсетсе, 483 азамат  тиімді тапсырғандар қатарында. 29 адам  қанағаттанарлық деңгейден көрініп, 1 мемлекеттік қызметші ең аз нәтиже көрсеткен. Аталған мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін анықтау шарасы алдағы маусым айының соңында қорытындыланбақ.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                  _____    __   __   __   __   __   __  
          ___    |  ___||  \ \\/ //  \ \\/ //  \ \\/ // 
         /   ||  | ||__     \   //    \ ` //    \   //  
        | [] ||  | ||__     / . \\     | ||     / . \\  
         \__ ||  |_____||  /_//\_\\    |_||    /_//\_\\ 
          -|_||  `-----`   `-`  --`    `-`'    `-`  --` 
           `-`                                          
      
       
      Наверх