Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 1:58
      Аймақ 23.02.2017, 18:59 0 пікір 573 просмотров

      Биыл «Миялы- Қарабау- Индер» автокөлік жолының құрылысы жалғасады

      Бұл туралы есеп беру жиынында мәлімдеген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, үстіміздегі жылы Атырау облысында 302,5 шақырым көлік жолын салу жоспарланып отырғанын айтты.


      Облыс аумағындағы облыстық және аудандық маңыздағы автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 2 061,6 шақырымды құрайды. Аймақ басшысы баяндамасында атап көрсеткеніндей, өткен жылы облыста 167,5 шақырым көлік жолы жөнделген.

      Облыстық маңыздағы «Индер- Қарабау- Миялы- Сағыз» автокөлік жолының Қарабау- Миялы аралығын (123 шақырым) күрделі жөндеу жұмыстары биыл да жалғасын табуда. Былтыр оның 15 шақырымын жөндеуге 1 млрд. 800 млн. теңге қаражат республикалық бюджеттен бөлінген болса, биыл 10 шақырым жолды жөндеуге 1,5 млрд қаражат қарастырылған көрінеді.

      Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, бұрын жолға қажетті  материалдардың жеткізу көлемінің аз болғандығынан облысымыздағы жолдар құрылысы біраз қиындықтарға тап болған. Алайда, «үстіміздегі жылы бұл мәселе шешімін табады» деп уәде берді әкім.

      -       Біз ҚТЖ-мен жеткізу үшін вагондар санын көбейтуге қатысты келіссөздер жүргіздік. Бұл таяу болашақта жақсы нәтиже көруге мүмкіндік береді. Осыған орай, енді құм, қиыршық тас және керамзит секілді материалдарды жеткізу көлемі едәуір көбейетін болады.

      Жалпы, жол салу өте ауқымды жұмыс. Азаматтарды қабылдау, тұрғындармен кездесу кезінде әрқашан жол мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бұл орайда, қаламыздағы жаңадан құрылған елді- мекендерге қатысты «Біздің көшеге қашан жол тартылады?» деген сұрақтар тұрғындар тарапынан жиі қойылады. Осы жерде айта кететіні, қала әкімдігі бар, бірлесе отырып біз қай жолдың қандай қаражатты қажет ететіні жөніндегі жоспарды құрдық. Соған сәйкес, тиісті жолдар жөндеуден өтіп, салынады. Ол үшін күні бүгін жол салумен айналысатын мекемлер барлық тиісті келісім- шарттарды жасасуда,- деді Нұрлан Ноғаев.

      Сонымен бірге, Махамбет ауданында салынып жатқан көпір құрылысы биыл да жалғасын табуда. Оның ұзындығы 660 метр.

      Әкімнің есебінде тағы белгілі болғаны, Құрманғазы ауданының Ягодная, Тухлое, Көнеу өзендеріне 2016 жылы басталған металл конструкциядан жаяу жүргіншілер көпірлерінің құрылысы биыл аяқталады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Мақат ауданы Доссор кентіндегі ұзындығы 5 шақырым ауылішілік және айналма жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары басталады деп күтілуде. Есеп берудегі және бір маңызды жаңалық сол- биыл «Атырау- Астрахан» тас жолын салу жұмыстарының басталатыны.


       

      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _      ___      ______    ______    _  __  
      | |  | ||   / _ \\   /_   _//  /_   _//  | |/ // 
      | |/\| ||  / //\ \\  `-| |,-    -| ||-   | ' //  
      |  /\  || |  ___  ||   | ||     _| ||_   | . \\  
      |_// \_|| |_||  |_||   |_||    /_____//  |_|\_\\ 
      `-`   `-` `-`   `-`    `-`'    `-----`   `-` --` 
                                                       
      
       
      Наверх