Новости Атырау - Мунайлы Астана

    21 октябрь 2017, 3:34
      Қоғам 24.02.2017, 14:32 0 пікір 482 просмотров

      Облысы әкімінің есеп беру жиналысында А.Ибраимованың жасаған өтінішіне жауап

      Атырау облысы  Исатай ауданы Аққыстау селосының тұрғыны Айпара Ибраимованың өтінішіне орай, «Ембімұнайгаз» АҚ ресми хабарлама жасады. Бұл жайында «Ембімұнайгаз» АҚ ресми парақшасында жария болды.


      Баспасөз хабарламасында «А.Ибраимова «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында  ешқашан жұмыс жасаған емес.

      2016 жылдың 1 ақпанында А.Ибраимова «Казстройсервис» ЖШС-не, ал, 2016 жылдың сәуір айынан бастап «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына шарт негізінде сервистің қызмет көрсетуші мердігер мекеме «Клининг-Регион» ЖШС-не жұмысқа қабылданған. 

      2016 жылдың маусым айында А.Ибраимова және «Клининг-Регион» ЖШС-нің бірнеше қызметкерлері Исатай аудандық прокуратурасына және  Компания басшылығына ұжымдық арыз жолдайды. Онда «Клининг-Регион» ЖШС-мен азаматтық-заңдылық шартының орнына еңбек шартын бекітуді талап ететіндіктері айтылған.

      Компанияның  мердігер мекемеге  жолдаған хатынан соң,  «Клининг-Регион» ЖШС барлық қызметкерлерімен еңбек шартын жасасты.   Компанияның әйел қызметкерлердің өтінішіне атүсті қарамай, мердігер мекемеден барлық қызметкерлермен еңбек шартын жасауды талап етті.

      2016 жылдың 31 желтоқсанында еңбек шартының мерзімі аяқталған соң, «Клининг-Регион» ЖШС А.Ибраимовамен 2017 жылға келісім шартты  созбаған.  2016 жылдың желтоқсан айында А.Ибраимова Компания басшылығына  «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына «жұмысқа қайта алу» жөніндегі  өтінішін жолдайды. Осы мәтіндегі арызын Атырау облысының прокуратурасына да жолдаған.

      Компания облыстық прокуратураға жауап ретінде А.Ибраимова «Ембімұнайгаз» АҚ-ның  қызметкері болып есептелмейтінін, «жұмысқа орналастыру» жөніндегі талабының негізсіз  екенін баяндап, хат жолдады.  Есеп беру жиналысында «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының мамандар бөлімінің басшысына айтылған айыптаулар өзара заңды түрде шешілетін мәселе» делінген.

      Сондай-ақ баспасөз хабарламасында көрсетілгендей, компания «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшылығының 2014 жылғы өкімін негізге ала отырып, мұнай бағасының төмендеуіне орай шығындарды азайту мақсатында хабарлайды:

      Жұмысқа қабылдау, оның ішінде  барлық өндірістік  құрылымдық бөлімшелерге  жұмысқа алуға мораторий жариялаған.

      Компания профильдік емес қызметтерді мердігер мекемелерге тапсыруды жүргізуде. Жарияланған мораторий талаптары кәсіби емес еңбек түрлеріне (тазалықшы, еден жуушы, күзетші, вахтер т.б.) жүргізілмейді, бұл позициялар аутсорсингке берілген.


      Арайлым Нұғманова 

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _     _____     ______     ___     __   _   
      | || | ||  |  ___||  /_   _//   / _ \\  | || | || 
      | || | ||  | ||__      | ||    | / \ || | '--' || 
      | \\_/ ||  | ||__     _| ||    | \_/ || | .--. || 
       \____//   |_____||  /__//      \___//  |_|| |_|| 
        `---`    `-----`   `--`       `---`   `-`  `-`  
                                                        
      
       
      Наверх