Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 11:30
      Экономика 24.02.2017, 14:34 0 пікір 468 просмотров

      Бас прокуратура кәсіпкерді қолдайды

       Қазіргі уақытта еліміздің Бас прокуратурасы «Атамекен» ҰКП-мен бірігіп, бизнес климатты жақсарту жолында қажетті шараларды бастап кетті. Яғни, енді санитарлық-эпидемиологиялық стансалардың кәсіпкерлерге қоятын 11 мың талабы 2 300-ге дейін, ал ТЭС-тің 3 600 талабы 800-ге дейін қысқармақ.


      Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатында өткен «Бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғауды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету» тақырыбына арналған тыңдалымда ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді. Ол өз сөзінде еліміздегі кәсіпкерлікті дамытуға кедергі жасап отырған факторларды атап өтті.
       «Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту керек. Бүгінде санэпидемиологиялық станциялар, техникалық регламенттер, бақылау органдарының әртүрлі ережелері бизнестің алдына мыңдаған талап қояды. СЭС-тің  өзі кәсіпкерге 11 мың талап қояды екен. Осы талаптардың 80 пайызы бүгінгі таңда артық деуге болады. Өткен заманда бұл талаптар керек болған шығар. Олардың бүгінде еш қажеті жоқ. Көбісі – шектен тыс, абсурдты, күлкілі талаптар. Бірақ, бұл талап болғасын, әрине, тексеруші  оны қолданады. Кәсіпкерді жазалайды. Өндірісін тоқтатады. Ол қойылған талаптарды бизнесте орындауға ешқашан мүмкіндік жоқ екендігін өзі де біліп тұр. Бірақ, заң әрқашан шенеуніктердің жағында. Өйткені, ол осы тексеру парақтарында нақты көрсетілген», - деді Бас прокурордың орынбасары.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______   __   __              _____     _  __  
       /_   _//  \ \\/ //     ___    |  ___||  | |/ // 
         | ||     \ ` //     /   ||  | ||__    | ' //  
        _| ||      | ||     | [] ||  | ||__    | . \\  
       /__//       |_||      \__ ||  |_____||  |_|\_\\ 
       `--`        `-`'       -|_||  `-----`   `-` --` 
                               `-`                     
      
       
      Наверх