Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 11:31
      Қоғам 24.02.2017, 19:09 0 пікір 1970 просмотров

      Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев жергілік жерде митингілер мен пикеттерге неге рұқсат берілмегенін айтты

      Бұған дейін мұнайлы өңірдегі өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы халық алдына шығып, есеп берген аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевқа тұрғындар тарапынан өздерін толғандыратын әр- түрлі сауалдар қойылып, нақты жауап алу мүмкіндігі туған болатын. Жолданған сауалдар ішінде қоғамда қызу талқыға түскен жер мәселесі және оған қатысты халықтың өз наразылығын білдіретін пикеттерге рұқсат берілмеу мәселесі туралы да әңгімеленді.


      Жиында танымал азаматтық белсенді Минал КЕНЖЕКОВ әкімнен митингілер өткізуге жергілікті билік тарапының қарсылығы туралы:

      -      Облысымызға басшы болып Сіз келгеннен бері қарай митингіге, пикетке тағы басқа халық болып, жеке пікірімізді білдіру үшін рұқсат сұрап қала әкімінің атына ондаған арыздар түсірдік. Жазылған арыздардың ішінде Президенттің Жолдауын қолдау жөнінде немесе басқа да мәселелерге білдірген пікірлеріміз де болды. Енді менің Сізге сұрағым, жоғарыда айтылған жайттарғай орай, халық алаңға шығып неге пікірін білдіре алмайды? Дау шығармай, халықтың өз пікірін білдіретін бейбіт митингілерге неге рұқсат етпеске? Екіншіден, қоғамда қызу талқыға түскен «ҚР Конституциясының 26-бабына енгізілетін өзгерістер» туралы. Аталған бапқа өзгеріс енгізуге пікірімізді білдіруге бірнеше рет рұқсат сұрадық, ол да аяқасты қалды. Алдағы уақытта сіздің қадағалауыңызбен осындай митингі немесе пикет болсын, жан- жақты қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, тұрғындардың қоғам алдына шығып, пікірін білдіруге жағдай жасасаңыз екен?! Билікті тыңдату үшін адамдар өздерін өртейді. Өйткені оларды ешкім қабылдамайды, пикетке рұқсат бермейді, - деді Кенжеков.

      Ноғаев «ҚР Конституциясының 26-бабына енгізілетін өзгерістер» жөнінде, аталған баптағы өзгерістің жерге қатысы жоқтығын, әңгіме бұл жерде тек мүлік туралы екенін айтты. Әкім сондай- ақ, «өзін- өзі өртеу» жөнінде аталған фактінің Атырау облысында болғаны, облыс прокурорының бұрынғы көмекшісі Лейла СМАДЬЯРОВАНЫҢ ісіне қатысты қылмыстық істің ашылғанын, егер сот шешімімен келіспеушілік болса сотталған азаматшаның қорғаушысына (адвокат) хабарласып, мәселенің анық- қанығы туралы толық ақпарат алуды ұсынды.

      - Митингілер, пикеттер ұйымдастыру жөніндегі заңның аясында сол жиналыстар сайын аталған шараларды өткізу үшін ұсыныс енгізу керек. Осы жиналыстың алдында мәселелер анықталды, қала әкімідігінің жауабы бойынша түскен ұсыныстар заң талаптарына сай келмейді. Сол себепті біздер оған рұқсат бермедік. Қалада бес жерде осындай шараларды өткізетін жер бар. Егер ұсыныстарыңыз болатын болса, оны міндетті түрде көшеге жиналып, талқыға түсіріп емес, келіп ұсыныстарыңызды енгізіңіздер,- деді белсендінің сауалына орай Нұрлан Ноғаев.

      Бұдан кейін сөз алған қоғам белсендісі Бекболат МҰХАНАЛИЕВ:

      -      Қаламызда жалпы және жеке колония бола тұра, Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫ асығыс этаппен Ақтөбеге, одан Алматыға жіберді, соңғы нүктесі Петропавл қаласы болады деп жатыр. Олар неліктен жергілікті жерде қалдырылмады?- дей келе, бұған дейін бірде-бір депутаттар немесе әкімнің аталған азаматтардың сотына келмегендігін айтты. 

      Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев қоғам белсендісінің бұл сұрағына жауап беру депуттаттың немесе әкімнің құзырында емес, «жауапты құзырлы мемлекеттік органдардан ғана ала алатындығын» жеткізді.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______    ______   __   _     ______    _____   
       /_   _//  /_   _// | || | ||  /_   _//  /  ___|| 
       `-| |,-    -| ||-  | '--' ||   -| ||-  | // __   
         | ||     _| ||_  | .--. ||   _| ||_  | \\_\ || 
         |_||    /_____// |_|| |_||  /_____//  \____//  
         `-`'    `-----`  `-`  `-`   `-----`    `---`   
                                                        
      
       
      Наверх