Новости Атырау - Мунайлы Астана

    17 октябрь 2017, 11:40
      Аймақ 27.02.2017, 13:07 0 пікір 349 просмотров

      Ұры ұсталды

       Атырау облыстық  ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жексенбі, яғни 26 ақпанға қараған түні  Атырау қалалық ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметінің Жол патрульдік полиция  қызметкерлері  Балықшыда орналасқан  «Мастер дом» сауда үйінің маңынан күдікті жаяу жүргіншіні көріп, тоқтатып,  тексеру барысында  жеңіл көліктің екі аккумуляторын алып келе жатқанын анықтаған.


      Тәртіп сақшыларының сұрағына жауап бермеген күдіктіні  сол маңдағы №1 қалалық ішкі істер бөліміне  жеткізеді.  Ал, ертеңгісін  сағат 8-дер шамасында  поселке тұрғынынан  үйінің алдына қалдырылған ВАЗ-2112 көлігінің  артқы терезе әйнегін сындырылып, ішінен  «Панасоник», «Стандарт» аккумуляторларының қолды болғаны туралы арыз түскен.
      - Тексеру барысында Жергілікті полиция қызметкерлерінің  түн ішінде құрықтаған 1990 жылы туған Балықшы  поселкесінің  тұрғыны  осы қылмысқа  тікелей қатыстылығы анықталып,  одан табылған қос аккумулятор айғақ зат ретінде тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру  ҚР Қылмыстық кодексінің 188 - бабымен жүруде, - дейді бастпасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _____       ___      _  _     _____    __   __  
      |  __ \\    / _ \\   | \| ||  |  ___||  \ \\/ // 
      | |  \ ||  | / \ ||  |  ' ||  | ||__     \   //  
      | |__/ ||  | \_/ ||  | .  ||  | ||__     / . \\  
      |_____//    \___//   |_|\_||  |_____||  /_//\_\\ 
       -----`     `---`    `-` -`   `-----`   `-`  --` 
                                                       
      
       
      Наверх