Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 1:06
      Қоғам 27.02.2017, 13:13 0 пікір 387 просмотров

      Нашақорға дауа жоқ

       Атырау облысының Индер ауданында Г.Ф. деген азамат марихуананы үйінде дайындап, пайдаланғаны үшін жазаға тартылды.


      Оның ісін қараған Атырау облысының Индер аудандық сотында анықталғандай, сотталушы Г.Ф. есiрткi, психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сақтау мақсатында өткен жылдың тамыз айында Индер ауданының «Алғабас-Жорық» учаскесінде болып, 15 түп жабайы өсетін марихуананы жинап алып, тұрып жатқан үйіндегі қысқа толқынды пешке кептіріп, темекі ретінде шегіп жүрген. Сот отырысында сотталушы Г.Ф. кінәсін мойындап, марихуананы тісі ауырған кезде темекі ретінде шегіп жүргенін, іс-әрекетті бірінші рет жасағанын айтып, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Сот үкімімен оған  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296 - бабының 2 бөлігімен 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  __    _____     ______   _    _      _____  
       | |/ //  |  ___||  /_   _// | || | ||   / ___// 
       | ' //   | ||__    `-| |,-  | || | ||   \___ \\ 
       | . \\   | ||__      | ||   | \\_/ ||   /    // 
       |_|\_\\  |_____||    |_||    \____//   /____//  
       `-` --`  `-----`     `-`'     `---`   `-----`   
                                                       
      
       
      Наверх