Новости Атырау - Мунайлы Астана

    20 октябрь 2017, 20:05
      Қоғам 28.02.2017, 12:50 0 пікір 370 просмотров

      Білім және ғылым вице-министрі Атырау университетінде болды

      Өткен сенбі күні Мемлекет Басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақтан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық топтың мүшесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А.К.Амрин Атырау облысына келген жұмыс сапары аясында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне келді. Бұл туралы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің баспасөз қызметі хабарлады.


      Асланбек Кемеңгерұлы университеттің даму тарихы музейімен, қаңтар айында оқу орны базасында ашылған «FavLabAtyrau» цифрлық зертханасымен, ғылыми орталықтар және оқу-ғылыми зертханалармен, университет ғалымдары жүргізіп отырған ғылыми жобалармен танысты. Сонымен қатар Атырау университетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, ғылым саласындағы жаңаша талаптар жайында түсіндірді. Кездесуде А.Амрин 2018-2020 жылдарға ғылыми жобаларды қаржылындыру бойынша конкурстың ерекшеліктері, қазіргі кезде ғылыми зерттеулердегі басымдықтар жайында нақты түсінік беріп, негізгі бағыттарды атап өтті.


      МА

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____      ___                _____    ______   
       /  ___||   / _ \\      ___    |  ___|| |      \\ 
      | // __    | / \ ||    /   ||  | ||__   |  --  // 
      | \\_\ ||  | \_/ ||   | [] ||  | ||__   |  --  \\ 
       \____//    \___//     \__ ||  |_____|| |______// 
        `---`     `---`       -|_||  `-----`  `------`  
                               `-`                      
      
       
      Наверх