Новости Атырау - Мунайлы Астана

    17 октябрь 2017, 11:41
      Қоғам 28.02.2017, 16:15 0 пікір 518 просмотров

      Балықшылар маусым алдында мазасызданды

      Жаңа ережеге сәйкес, енді өзен мен теңізге шығатын су көліктерінің қуаты 20 ат күшінен аспау тиіс. Ал, бұған дейін Атыраудағы 2 мыңға тарта балықшылар 40 аттың күші бар қайықты пайдаланып, жан бағып келген болатын. Осылайша жылдағы үрдіс бойынша балық аулау маусымына сайланып отырған олар, енді соншама қаражатқа сатып алынған ау-құралдары мен қайықтарының пайдаға аспай қалатынымен қапалануда.


       

      Бір өзінде 40 аттың күші бар қайықты балықшылар өз араларында «казанка» деп атайды екен. Олардың айтуларынша, биылғы балық аулау науқанында сол 40 аттың күші бар қайықпен өзенге шығуларына тыйым салынады. Өйткені, оның орнын күші 20 атқа тең болатындай қайықтар басуы тиіс екен. Бірақ, жылдамдығы мен көтеретін салмағы мардымсыз қайықтан балықшылар «өмірімізге қауіп төндіргенімен қоймай, табатын табысымызды да азайтып жібереді» деп алаңдаулы.

      -          Былтыр 40-тық моторды 1 200 000 теңгеге 3 кісі бірігіп сатып алдық. Бірақ әлі күнге дейін оның қарызынан құтылған жоқпыз. Енді сонша ақшаға алғанда, оны балаларға ойыншық үшін бермейміз ғой!- дейді балықшы Бауыржан Жұмағалиев. 

      Оның сөзін келесі балықшы Рысбек ТАЙЫРОВ құптады:

      -          40-тыққа құжат берлімейді деп алдын ала ескерту керек еді. Мен мысалы, күні кеше ғана 1 млн. теңгеге мотор сатып алып келдім. Енді бізге келіп, билет берілмейді дейді. Адам деген алдын- ала ескерту керек қой- халыққа!- дейді ашынып.

      Алайда, мамандар балықшылардың бұл сөзіне келісер емес. Олардың сөзінше, 2013 жылдан бастап көктемгі балық көбейетін кезде Жайық пен Каспий теңізінде қуатты су көліктерінің қозғалысын шектеу жөнінде Үкіметтің Қаулысы бар. Алайда, су маржанын сүзу үшін оңай олжаға құныққандар жеке қайық иелерін жалдап, жан бағып келген. Осылайша, Каспийдің басты байлығы саналатын балық өнімі ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіпті. Сол себепті жерлікті билік енді мұндай жөнсіздікке «жол бермейміз» деп отыр.

      Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сырым Рысқалиев, наразылық акциясына қатысқандарды заңсыз балық аулап жүрген азаматтар дейді. 

      -          Заңға сәйкес, кемелердің ескіш бұрандасының жылдамдығы 1000 айналымнан аспауы керек. Жекеменшік құқығындағы жеке тұлғалар үшін аспалы моторлардың қуатттылығы 20 ат күшінен аспауы қажет. Бұл адамдар – балықшылар емес, олар кооператив мүшелері де емес,- дейді.  

      Айта кету керек, жалпы облыс бойынша 19 балық аулау кооперативі тіркелген екен. Алайда, олардың ішінде ау-құралдары сақадай сай отырғаны некен- саяқ көрінеді. Сол себепті де жергілікті билік құралы жоқ кооперативтерді су жағасына жолатпауға талаптанып жатқанға ұқсайды. Ал, Жайық- Каспий бассейнінде көктемгі балық аулау маусымының басталуына санаулы күндер қалды...


       

      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ,

      фотолар автордыкі

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __    _____     _____      ___       _____  
       \ \\/ //  |  ___||  / ____||   / _ \\    / ___// 
        \   //   | ||__   / //---`'  / //\ \\   \___ \\ 
        / . \\   | ||__   \ \\___   |  ___  ||  /    // 
       /_//\_\\  |_____||  \_____|| |_||  |_|| /____//  
       `-`  --`  `-----`    `----`  `-`   `-` `-----`   
                                                        
      
       
      Наверх