Новости Атырау - Мунайлы Астана

    11 декабрь 2017, 8:18
      Аймақ 01.03.2017, 12:22 0 пікір 414 просмотров

      Мұз үстіндегі апаттан екі адам ажал құшты

      Атырауда қыстың соңғы күні қайғылы аяқталды. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 ақпан күні шамамен 22 сағат 30 минутта Еркінқала ауылының аумағындағы өзенде екі мотоцикл соқтығысып қалған. Апат салдарынан 1983 жылы және 1992 жылы туған екі адам қайтыс болып, тағы екі адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түскен.


      Ресми дерек бойынша  Атырау облысында өткен жылы 23 ақпан мен 16 сәуір аралығында 13 балықшы суға кетіп қайтыс болған. Олардың ішінде ең жасы 23 жаста екен.  Сала мамандары мұндай апаттардың орын алуы тұрғындардың қауіпсіздік шараларын сақтамағындығынан дейді. Енді  алдымызда көктемгі су тасқыны кезеңі жақындап келеді.  
      Осыған байланысты мамандар дабыл қағуда. Атырау облысы ТЖД ТЖААБ инженері  а/қ капитаны А. Картимова:
      -Көктемгі кезеңде өзендердегі мұз өте осал бола бастайды, жоғарғы қабатынан күн, ал астыңғы қабатында  ағыстың әсерінен жұқара бастайды. Тасыған өзен ағысы адам өмірі үшін қауіпті. Арықтар да қауіп тудырады, онда шұңқырлар мен құдықтар сияқты қақпан болуы мүмкін. Әсіресе, көктемгі мұз балалар үшін өте қауіпті. Ата-аналар мен үлкендердің  қарауысыз қалған балалар, қауіпсіздік шараларын білмей, әуестікпен құламалы жағада  ойнайды. Кейде қолдан істелген сал,тақтайларға мініп, мұз үстінде  серуендейді. Кейбір ересектер жұқа мұзға қарамастан, балық аулауға шығады. Бұндай бейқамдылық кей кездері  үлкен қайғыға  алып келеді. Бұл кезеңде  су айдындарына бармау қажет. Сондықтан, қай жерлерден мұз астынан  балық аулауға болады, қай жерлерден болмайтынын біліп, сақтық шараларын жасаған дұрыс. Балалар ойнайтын жерлерде бақылауды күшейту керек. Сол себепті,  қоршалмаған және шартты ескерту белгілері  қойылмаған, құламалы жағаларда жүру адам өмірі үшін қауіпті екенін естен шығармауымыз тиіс, - дейді.


       Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______     ___      ______   __   __    ______  
       /_   _//   / _ \\   /_   _//  \ \\/ //  /_____// 
         | ||    / //\ \\  `-| |,-    \ ` //   `____ `  
        _| ||   |  ___  ||   | ||      | ||    /___//   
       /__//    |_||  |_||   |_||      |_||    `__ `    
       `--`     `-`   `-`    `-`'      `-`'    /_//     
                                               `-`      
      
       
      Наверх