Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 октябрь 2017, 11:49
      Қоғам 01.03.2017, 13:14 0 пікір 345 просмотров

      5000 теңге пара берген брокер өз кінәсін мойындамады

      Атырау қаласының № 2 соты «West-BestBrok» ЖШС-нің кеден брокері З.А.-ға қатысты қылмыстық іс қараған болатын.


      Сотта анықталғандай, ол жұмыс атқару кезінде  Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратына келіп, сол департаменттің қызметкерілеріне  кедендік жүк құжаттарын  тез рәсімдеу үшін 5 000 теңге көлемінде пара берген. Бірақ, сот отырысында сотталушы З.А. өз кінәсін мойындамай, құжаттарды тез дайындау үшін ешкімге ақша ұсынбағандығын, оған айып куәлердің жауабымен негізделгенін және куәлермен өзінің арасында құжаттарды уақытында тіркелмеу себебімен келіспеушіліктер болғандықтан өзіне жала жапқандығын айтты. Сот үкімімен З.А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 367-бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 100  000 теңге айыппұл салынып, мүлкін тәркілемей, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айыру  жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
      __    __     ___     __   __     ___     _    _   
      \ \\ / //   / _ \\   \ \\/ //   / _ \\  | || | || 
       \ \/ //   | / \ ||   \   //   / //\ \\ | || | || 
        \  //    | \_/ ||   / . \\  |  ___  ||| \\_/ || 
         \//      \___//   /_//\_\\ |_||  |_|| \____//  
          `       `---`    `-`  --` `-`   `-`   `---`   
                                                        
      
       
      Наверх