Новости Атырау - Мунайлы Астана

    19 октябрь 2017, 20:46
      Аймақ 02.03.2017, 11:15 0 пікір 529 просмотров

      Атыраулық студенттер қайырымдылық жасап жүр

       Ақпан айының соңғы күндері Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттерінен құрылған "Жақсылыққа жаным жақын" атты қайырымдылық қоры 1 курс студенті Нұргүл Жұмағаливаны ауыр науқастан емдету үшін жәрмеңке ұйымдастырды. Бас оқу ғимаратының бірінші қабатында өткен шараға әр факультеттен құрылған топ мүшелері түрлі тәтті тағамдарды өздері дайындап әкелді.


      Нұргүл - үйінің тұңғышы, жалғыз анасымен бірге екі бауыры бар. Оған дәрігерлер аналық бездің қатерлі ісігі деген диагноз қойған. Нұргүлдің науқасына бей-жай қарай алмаған студенттер қаржы жинау мақсатында осындай игілікті шара ұйымдастырып отыр.  Жалпы, аталған қор мүшелері бүгінде қиындыққа душар болған отбасыларға көмек қолын созып келеді. Қайырымдылық қорының жетекшісі, ұйымдастырушысы "Дизайн" мамандығының 3 курс студенті Малика Азербаева  бірнеше достарымен және әр факультеттен жиналған студенттермен қосылып, бірқатар қайырымды істердің жаршысы болуда. Мысалы, олар осы жылдың 21-ақпанында Махамбет атындағы қазақ драма театрында өнер жұлдыздары Бейбіт Қорған мен Ернар Айдар және жергілікті жұлдыздардың қатысуымен қордың құрылғанына бір жыл толуына орай концерт ұйымдастырған болатын. Шарадан түскен қаржы Тілек Ермұраттың еміне көмек ретінде берілді. Арнайы ұйымдастырылған концертке қатысқан Ермұраттың ата-анасы студенттерге алғысын білдірген еді.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____    _____                ___      ______  
        / ___//  |  ___||     ___     / _ \\   /_   _// 
        \___ \\  | ||__      /   ||  / //\ \\    | ||   
        /    //  | ||__     | [] || |  ___  ||  _| ||   
       /____//   |_____||    \__ || |_||  |_|| /__//    
      `-----`    `-----`      -|_|| `-`   `-`  `--`     
                               `-`                      
      
       
      Наверх