Новости Атырау - Мунайлы Астана

    23 октябрь 2017, 8:37
      Қоғам 02.03.2017, 11:19 0 пікір 333 просмотров

      Онлайн сурдоаударма қызметі іске қосылды

       «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияда сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Бұл туралы баспасөз қызметі хабарлады. Яғни, мүмкіндігі шектеулі адамдарға ымдау тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимінде сурдоаударма ұсынатын болады.


      Бұл пилоттық жоба «Азаматтарға арналған үкіметтің» бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып жүзеге асырылып отыр. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында сурдоаударма тілін меңгерген 862 маман жұмыс істейді екен. «Дегенмен, біз осымен тоқтап қалмай, одан әрі дамытуды жөн көрдік. Енді ХҚКО-ның жеңілдік терезесіне жүгінген сөйлеу және есту қабілеттері бұзылған тұлғалар ым-ишарат тілінде қажетті құжатты  қалай алу керектігін шынайы уақыт режимінде айтып беретін, онлайн сурдоаударма арқылы қызмет ала алады» - деді А.Оспанов.
      Әзірге бұл пилоттық жоба Астана мен Алматының ХҚКО-ларында жүзеге асырылған, ал басқа аудандарда пилоттық жобаны жүзеге асыруға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, бүгінде «Азаматттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кедергісіз және сапалы  көрсетуге мүмкін болатын барлық жағдайларды жасауда. Мысалы, барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пандус немесе шақырту қоңырауы, жеңілдік терезелері,  ал  I және II топтық мүгедектігі бар адамдар  Біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы ХҚКО қызметкерін  үйіне шақыруына болады. Өткен жылы мемлекеттік корпорация қызметкерлері  39 мыңға жуық осындай азаматтарға  мемлекеттік қызметті үйінде көрсеткен.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______   _    _     ______    ______    _____   
       /_____// | || | ||  /_   _//  /_   _//  /  ___|| 
       `____ `  | || | ||    | ||     -| ||-  | // __   
       /___//   | \\_/ ||   _| ||     _| ||_  | \\_\ || 
       `__ `     \____//   /__//     /_____//  \____//  
       /_//       `---`    `--`      `-----`    `---`   
       `-`                                              
      
       
      Наверх