Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 1:55
      Аймақ 02.03.2017, 19:09 0 пікір 386 просмотров

      Атырау облысы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы тауар айналымы былтыр он миллион доллардан асқан

      Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадовпен кездесуі кезінде белгілі болды. Кездесуде қос тарап арасындағы сауда-экономикалық байланысты дамыту жайы да жан-жақты сөз болды.


      Екі жақты кездесуде белгілі болғанындай, Мұнайлы өңір- Атыраудан Әзербайжанға газ құбырлары, қара металл сынықтары мен қалдықтары экспортталуда. Одан бөлек, өңірде сол ел капиталының үлестік қатысы бар ондаған кәсіпорын табысты жұмыс істеп келеді. «Бұл байланыс одан әрі де  нығая түспек» дегенді айтады елші.

      Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадов сондай- ақ, көршілес Маңғыстау облысында өнеркәсіп пен энергетика, басқа да тауарлар өңдеу салаларында әзербайжан кәсіпкерлерінің қатысуымен бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асырылып жатқандығына да тоқталды. Сонымен қатар, әзербайжандық кәсіп иелері Атырау облысында да тың жобаларын ұсынуға дайын екендігін мәлім етті.

      Аймақ басшысы Нұрлан Ожаев болса, екі ел арасындағы экономикалық   байланыстың Атырау облысы үшін зор маңызға ие екендігін және әлі де өзара қарым-қатынасты белгіленген заң шеңберінде шешу жолдарын қарастыратындығын атап айтты.


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____    __   __    _____      ___      ______  
       / ____||  \ \\/ //  |__  //    / _ \\   /_   _// 
      / //---`'   \ ` //     / //    / //\ \\    | ||   
      \ \\___      | ||     / //__  |  ___  ||  _| ||   
       \_____||    |_||    /_____|| |_||  |_|| /__//    
        `----`     `-`'    `-----`  `-`   `-`  `--`     
                                                        
      
       
      Наверх