Новости Атырау - Мунайлы Астана

      23 шілде 2018, 17:56
        Қоғам 03.03.2017, 12:33 0 пікір 1194 просмотров

        Миялы қорғандар тобына қазба жұмыстары жүргізіледі

         Атыраудың зерттеуші археологтары Қызылқоға ауданы аумағындағы осы қорғандар тобы зерттеуді қажет ететінін айтуда. Өйткені, осы уақытқа дейін өңір археологтарының жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде сармат обалары анықталып, сол кезеңнің құнды жәдігерлері табылған.


        Бұл жөнінде Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің маманы Айсана Бағытжанова:
        -Тарихи түсінік бойынша Қазақстанның батыс өлкесін сармат тайпасы мекендеген деп айтылады. Демек, әлі де болса біздің өлкеміздің тарихи қойнауында жасырылып жатқан жәдігерлер бар. Атырау атырабының қазыналы көмбелері әлі тыңғылықты зерттеліп болған жоқ. Бұл археологтардың алдында тұрған маңызды міндет болып есептеледі.  Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қаржыландыруымен 2013 жылы Қызылқоға ауданындағы Тайсойған құмына археологиялық барлау жұмысы жүргізілген болатын. Археологиялық барлау жұмысына музей мамандары қатынасып, маңғыстаулық археолог Андрей Евгеньевич Астафьев жетекшілік етті. Барлау жұмысының нәтижесінде Сармат тайпаларының обасы болып саналатын Миялы қорғандар тобының құрамынан ерте темір кезеңіне жататын 15 қорған анықталды. Олардың көлемдері әр түрлі, биіктіктері 30 см-ден  2 м-ге дейінгі аралықты қамтыса, диаметрлері 8 м-ден 24 м-ге дейін болады. Қорғандар  құмды топырақтан үйілген, - дейді.  
        Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі биылғы жылдың маусым айында  аталған қорғандар тобына қазба жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Мамандар түпкілікті зерттеу жұмыстарын жүргізгенде ғана  қазыналы байлыққа қол жеткізе алатынына сенімді.


        Гүлзада Қожабергенқызы

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
          ______     ___      _____     _____     ____    
         /_   _//   / _ \\   / ____||  |  ___||  |  _ \\  
           | ||    | / \ || / //---`'  | ||__    | |_| || 
          _| ||    | \_/ || \ \\___    | ||__    | .  //  
         /__//      \___//   \_____||  |_____||  |_|\_\\  
         `--`       `---`     `----`   `-----`   `-` --`  
                                                          
        
         
        Наверх