Новости Атырау - Мунайлы Астана

    14 декабрь 2017, 6:26
      Аймақ 03.03.2017, 12:41 0 пікір 703 просмотров

      Атырауда студенттер арасында дәстүрлі сайыс өтті

      Атырау мұнай және газ университетінде дәстүрлі «Жігіт сұлтаны – 2017», «Көктем аруы – 2017» сайыстары ұйыждастырылды.


      Аталған сайыстарға барлығы 11 студент қатысып, қыздар жағы  ұлттық киім үлгісін көрсетіп,  ұлттық тағам түрін дайындаса, жігіттер күш сынасып, өз өнерлерін ортаға салды. Атырау мұнай және газ университеті баспасөз орталығының жетекші маманы Балауса Жақсылықованың айтуынша, сайыста ерекше көзге түсіп ерекшеленген Айгерім Бекежанова  «Жетім қыз» көрінісімен дараланса, Аязби Қарсақбай гитарамен попурри айтып, Бекзат Төлеповтің қазіргі заманның жастарына арналған көрінісі сәтті орындалған. Ал, Жаннұр Жайдарбек ерекше ұлттық киім үлгісімен, биімен көпшіліктің ықыласына бөленді. Қазылар алқасының төрағасы, Атырау қалалық «Жас Отан» жастар қанаты филиалының төрағасы Дәурен Сейтқалиев бастаған қазылар алқасы  сайыс соңында Бас жүлдені А.Бекежанова мен А.Қарсақбайға берді. Белсенді өнер көрсеткен басқа студенттер қалған орындарды өзара бөлісті. Сонымен қатар, бірқатар қатысушы студенттер алғыс хатпен марапатталды. Сөз соңында Дәурен Сейтқалиев Атырау мұнай және газ университетінің жалынды студент ұл-қыздарымен келешекте бірлесіп жұмыс жасауға болатынын айтып, алғысын білдірді.
      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  __   _    _    _____     __   __    _____   
       | |/ // | || | || |  __ \\   \ \\/ //  /  ___|| 
       | ' //  | || | || | |  \ ||   \ ` //  | // __   
       | . \\  | \\_/ || | |__/ ||    | ||   | \\_\ || 
       |_|\_\\  \____//  |_____//     |_||    \____//  
       `-` --`   `---`    -----`      `-`'     `---`   
                                                       
      
       
      Наверх