Новости Атырау - Мунайлы Астана

    20 октябрь 2017, 20:09
      Аймақ 03.03.2017, 12:58 0 пікір 626 просмотров

      Жол белгісін орнатуға ақша жоқ

       "Мұнайлы Астана" республикалық газеті 2015 жылдан бері Атырау қаласының орталығындағы Сәтпаев пен Владимирский көшелерінің қиылысында жол қозғалысының өрескел бұзылатынын мәселе етіп көтеріп келеді.  Өкінішке орай,  әлі күнге дейін құзырлы мекемелер тарапынан жол тәртібі жөнге келтірілмей отыр.


       Еске сала кетейік, газетіміздің 2015 жылғы 29 сәуіріндегі №18 - санында «Қиылыстың жыры қашан бітеді?» деген мақала, одан кейін өткен жылдың 17 тамызында  жазылған жайдың жалғасы ретінде "Қиылыстың жыры әлі біткен жоқ"  атты мақала жарық көрді. Онда қиылыстан 100 метр қашықтықта аялдама жанына орналастырылған ескерту белгіні кептелісте тұрған жүргізушілердің байқамауы, бағдаршамның жасыл көзіндегі уақыттың тым аздығы, осыдан келіп үш жол айырығы бар көше қиылысынан өту кезіндегі жол тәртібінің бұзылуы жайлы айтқанбыз. Ал, тәртіп бойынша «Атырау» сауда орталығына асып кетіп, айналма жол арқылы айналып келуі тиіс көлік жүргізушілері үш жол айрығындағы көрсетілген бағыттаушы белгілерге қарамастан баса-көктеп сол жаққа бұрылып кетуді әдетке айналдырған. Соның кесірінен жол көлік оқиғалары жиі орын алады. Сол кезде бізге мәселенің анық-қанығын түсіндірген Атырау облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының мемлекеттік көлік инспекторы Данияр ҚАНАТОВ осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін  Сәтпаев көшесіне жол сызығын жүргізу және аялдама қасындағы белгінің анық көрінуі үшін жоғарыдағы таблоның жанына орнату жұмыстары қажет екенін, бірақ, мұның бәрі Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің құзыретіндегі шаруа екенін айтқан болатын. Одан кейін біз Атырау қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөліміне қайта хабарласқанда, сол кездегі бөлім басшысы Серікбай ҚАЗИЕВ көше қиылысына арнайы жол белгілері орнатылатынына сендіріп еді. Бірақ, айтылғанның бәрі сөз жүзінде қалып қойды. Біз екінші қайтара мәселені қозғап, сұрау салғанымызға жарты жылдан астам уақыт өтсе де, "баяғы жартас, сол жартас". Сонда қаланың қақ ортасындағы жол тәртібінің бұзылуын қалай тоқтатуға болады? Жақында біз қалалық ТКШ бөліміне тағы хабарластық. Алайда, мәселенің шешілер түрі көрінбейді. Бұл әлде бөлім басшыларының жиі ауысуына да байланысты ма екен?! Атырау қалалық ТКШ-ның көлік, энергетика және байланыс секторының меңгерушісі Қуаныш ИБРАГИМОВ бұл мәселеге қаржы жоқтығын алға тартты. "Ақша қашан болады, сол кезде жол белгілері де қойылады", - деген оның сөзінен ұққанымыз, аталған қиылыста жол тәртібінің бұзылуы жалғаса бермек. Сонда қалалық ТКШ бөлімінен іс-әрекет күтіп отырған жол полициясы аталған қиылыста көлік жүргізушілерінен жолда жүру тәртібін сақтауды, мәдениеттілікті қалай талап етпек? Кезінде тек біз ғана емес, әлеуметтік желіде шу болған жайға қала әкімдігінің, жол полициясының баса мән бермеуі неліктен? Қанша уақыттан бері қаладағы көлік қозғалысы үшін айтылып келе жатқан маңызды мәселе енді неге қаржыға тіреліп қалды? Бұл туралы толық жауапты аталған мекемелерден күтетін боламыз.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____    __   __             __   __   _    _   
       /  ___||  \ \\/ //     ___    \ \\/ // | || | || 
      | // __     \ ` //     /   ||   \ ` //  | || | || 
      | \\_\ ||    | ||     | [] ||    | ||   | \\_/ || 
       \____//     |_||      \__ ||    |_||    \____//  
        `---`      `-`'       -|_||    `-`'     `---`   
                               `-`                      
      
       
      Наверх