Новости Атырау - Мунайлы Астана

    17 октябрь 2017, 11:39
      Аймақ 03.03.2017, 17:17 0 пікір 360 просмотров

      Атырауда борышкерлерге арналған жәрмеңке өтті

      Бүгін, 3 наурыз күні Атырауда «Алименттер Төлемеуге қарсы 30 нақты қадам» жобасы аясында жұмыссыз борышкерлерді жұмыспен қамту жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

       


      Шараны Әділет департаменті, прокуратура, «Нұр отан» партиясының Атырау қалалық филиалы, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі, және Жұмыспен қамту орталығы бірлесіп өткізді. Басты мақсат -  ана мен баланы қорғау, кәмелетке толмағандардың құқығын сақтау, уақытылы алимент төлеу мәселесін шешу үшін жұмыссыз борышкерлерге, жазасын өтеген азаматтарға және басқа да жұмыссыздарға бос жұмыс орындары ұсыну болды. Аталған жәрмеңкеге 70 жұмыссыз борышкер шақыртылса, оларға 10-ға жуық мекеме өкілдері қажетті мамандықтары бойынша түрлі салалардан қызмет түрін таңдауға мүмкіндік берді.  Мұндай  жәрмеңке алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __   __   __    ______   __   __   _    _   
       \ \\/ //  \ \\/ //  /_   _//  \ \\/ // | || | || 
        \   //    \ ` //     | ||     \ ` //  | || | || 
        / . \\     | ||     _| ||      | ||   | \\_/ || 
       /_//\_\\    |_||    /__//       |_||    \____//  
       `-`  --`    `-`'    `--`        `-`'     `---`   
                                                        
      
       
      Наверх