Новости Атырау - Мунайлы Астана

    23 ноябрь 2017, 13:25
      Аймақ 03.03.2017, 17:44 0 пікір 425 просмотров

      Күн тәртібінде – жастар мәселесі

      Бүгін Атырау қаласы әкімі жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысында жазғы демалыс уақытында мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мектептердегі технология кабинеттерінің жабдықтылуы және кәсіптік бағдар беру жұмыстары қаралды.


      Отырыс барысында баяндалғандай, биылғы жылы ата-аналардың сұранысына сай 4000-ға тарта бала үйірмелермен қамтылмақшы. Жазғы демалыс уақытында мектеп оқушылары үшін 10 бағытта 28 үйірме жұмыс жасайтын болады. Қалалық білім бөліміне қарасты Балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру даярлық клубы жазғы кезеңде волейбол, футбол, гандбол, баскетбол, әскери қолданбалы спорт түрінен 4350 баланы спорттық шараларға қатыстыру жоспарлануда.

      2017 жылдың жазғы кезеңінде Железноводск қаласындағы «Қазақстан геологы» лагеріне 250 бала, Түлкібас шатқалындағы «Машат-Арасан» лагеріне 100 бала, жалпы білім қорынанан Ақтөбе, Орал, Алматы қалаларында 200 бала, «НКОК» компаниясының демеушілігімен 50 бала, облыстық «Тұлпар» лагеріне аз қамтылған, жартылай жетім, көп балалы, жетім отбасының 500 баласы демалады деп күтілуде.

      Кеңес отырысында қаланың кейбір мектептерінде кәсіптік бағдар алу үшін технологиялық кабинеттер жабдықталмағандығы айтылды. Себебі, мектепте оқушылар үшін орын тапшы болғандықтан технология кабинеттері пән кабинетіне айналған. Қала әкімінің орынбасары Мейірім Жоламанұлы бұл мәселеге байланысты қайтадан жиын өткізіп, кеңірек талқыланатындығын айтты.

      Жиында сондай-ақ жастардың жұмыспен қамтылуына қатысты да мәселелер қозғалды.  Қалалық жұмыспен қамту бөліміне 2016 жылы 18-29 жас аралығындағы 4096 жас жолыққан. Олардың 3955-і жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылып отыр. Атап айтар болсақ, тұрақты жұмысқа орналасқаны - 2239 адам; ақылы қоғамды жұмысқа жіберілгендер - 707 адам; әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілгендер - 57 адам; жастар тәжірибесіне тартылғандар - 452 адам; қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына-465 адам.

      Тағы бір айта кетер жайт, биылдан бастап «Жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасы іске асады. Яғни мектеп бітірген әрбір жас бірінші мамандыққа тегін оқытылатын болады. Сонымен қатар биылғы жылы «Жасыл ел» бағдарламасына қатысты іс-шаралармен жергілікті әкімшілік айналысатын болады және осыған дейін болған кемшіліктер қалыпқа келтірілмек.


      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____      ___     __   __    ______            
       /  ___||   / _ \\   \ \\/ //  /_   _//     ___   
      | // __    | / \ ||   \   //    -| ||-     /   || 
      | \\_\ ||  | \_/ ||   / . \\    _| ||_    | [] || 
       \____//    \___//   /_//\_\\  /_____//    \__ || 
        `---`     `---`    `-`  --`  `-----`      -|_|| 
                                                   `-`  
      
       
      Наверх