Новости Атырау - Мунайлы Астана

    14 декабрь 2017, 6:31
      Қоғам 06.03.2017, 17:50 0 пікір 423 просмотров

      Исатай ауданындағы криминогендік ахуал қалай?

       Бүгін, 6 наурыз күні Атырау облыстық прокуратурасында браконьерлікпен күрес мәселесіне қатысты Үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті. Оған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.


      Отырыста баяндама жасаған облыс прокурорының орынбасары С.Шалабаевтың айтуынша, осы уақытқа дейін браконьерлікке қарсы іс-қимылға шынайы көмектесетін бірқатар мәселелер бірлесіп шешілген.  Атап айтқанда, тек қана балықты заңсыз аулауды ғана емес, оны заңсыз сақтауды, тасымалдауды мен сатуды жүзеге асыратын адамдарды қылмыстық жазаға тарту практикасы жетілдіріліп, сондай-ақ, облыстық прокуратураның ұсынысымен  Үкіметте тәркіленген бекіре балықтары мен оның уылдырығын сату бағасы бекітілген. Ал, Жайық-Каспий бассейнінде шағын өлшемді кемелерді пайдалануды шектейтін заңнамалық актілерге өзгеріс енгізілген. Алайда, өзекті мәселелер де бар. Мысалы, бүгінде облыста айлақ салу және браконьерлерден тәркіленген жүзу құралдарын сақтау орнын белгілеу мәселелері өз шешімін таппаған.  Осыған байланысты табиғат қорғау прокурорымен өткен қаңтар айында қала әкімінің атына тиісті ұсыныс жіберілгенімен, әлі ешқандай шешім шықпай отыр.  Тағы бір мәселе – Исатай ауданының Жанбай, Зинеден, Амангелді елді мекендері аудандарының криминогендік жағдайы.  Өткен жылдары бұл бағытта әкімдікпен бірлескен прокуратура  «тәуекел аймақтары» деп аталатын аудандарда балық аулайтын кооперативтерді құру мәселесін қозғап, нәтижесінде балық аулайтын кәсіпорындарға «Амангелді» ӨК, «Тілекші» ЖШС, «Жамбыл» ӨК, «Хазар» ЖК-ларға 336 тұрғын жұмысқа орналастырылған екен. Сонымен қатар,  аталған елді мекендердің әкімдерімен халықты мал шаруашылығы мен тұрмыстық қызмет көрсету саласына тарту жұмыстарының нәтижесінде соңғы 3 жылда 40 адамға кәсіпкерлік мақсатта 100 млн. теңгеден астам несие беріліп, 76 жұмыс орны ашылған. Бірақ, бұл жұмыстарды тоқтатпай, ары қарай дамыту керек. Сондықтан прокурордың орынбасары осы мәселені түпкілікті шешу жолдарын ұсынды. Сондай-ақ, балық өнімдерін нарық бағасынан төмендетілген бағамен сататын сауда орындарын көбейту бағытында жұмыстарды жалғастыру қажеттігін, қылмыстық істер бойынша заттай айғақтарды сақтауды заңнамалық реттеу мәселелері шешіліп, браконьерлердің Каспий теңізі жағасына бөгетсіз өтуінің жолын кесу үшін «Ақжайық» резерватының шекарасын өзгерту туралы облыс әкімінің қаулысы қабылдану үстінде екенін еске салды.


      Гүлзада Қожабергенқызы

          

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __     ___      _____     ______    ____    
       \ \\/ //   / _ \\   /  ___||  /_   _//  |  _ \\  
        \   //   | / \ || | // __     -| ||-   | |_| || 
        / . \\   | \_/ || | \\_\ ||   _| ||_   | .  //  
       /_//\_\\   \___//   \____//   /_____//  |_|\_\\  
       `-`  --`   `---`     `---`    `-----`   `-` --`  
                                                        
      
       
      Наверх