Новости Атырау - Мунайлы Астана

    23 октябрь 2017, 8:37
      09.03.2017, 15:36 0 пікір 610 просмотров

      Атырауда аудан әкімі мен бөлім басшысы қандай қылмыс жасаған?

       Атырау облысының Исатай аудандық соты Исатай ауданының экс-әкімі Т.Сұлтанбеков пен аудандық әкімдіктің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р.Қадыржановаға қатысты қылмыстық іс қарады.


      Айта кетейік, сотталушылар   Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабының 2 бөлігі, 367- бабының 2 бөлігі (пара беру) және 189-баптың 3 бөлігі 2 тармағындағы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе жою) қылмыстарды жасады деп айыпталған. Сот құжаттарынан белгілі болғандай, экс-әкім сыйақы жазумен көп «мәселені» шешкен. Яғни,  2016 жылдың қыркүйегінде  Астана қаласында Атырау облысы ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің жәрмеңке-көрмесі өткен болатын. Аталған шараға Исатай ауданын аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы К.Е. бастап барған. Сол кезде аудан әкімі Т.Султанбеков жәрмеңкеге қатысушы К.Е.-ге 22 сазан балықтарын алып, елордалық ағайын-туыстарына апарып беруді өтінген. Сөйтіп, К.Е. жәрмеңкеде балық өнімдерін ұсынушы «Амангелді» өндірістік кооперативінен 50 000 теңгеге сазан балықтарын қарызға жаздырып алады. Атырауға келген соң К.Е. әкімге кооперативке қарызын қайтарып беру керек екенін ескертеді. Әкім оған сыйақы ретінде 83 000 теңге беретін айтып, өз кезегінде ол 50 000 теңгесіне қарызды төлеп, қалған ақшаға танысының өтініші бойынша қой малын алып беруді тапсырады. Ал, екінші эпизод «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты. Бағдарламаның талабына сәйкес ауданда қызмет етуге бел буған жас мамандарға мемлекет тарапынан тұрғын үй берілуі тиіс. Осындай бір маман Исатай ауданына келіп, оны бір үйге орналастырады. Кейін анықталғандай, аталған үй аудан әкімінің жақын туысына тиісті болған екен. Бірақ, оның жалдау құны мемлекет тарапынан өтелген. Бұл факті Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің маманының тексеруі кезінде анықталып, департамент маманы кемшілікті анықтамаға енгізетінін айтып, Астана қаласына кетіп қалған. Мәселенің ушығып кетуінен қорыққан әкім, лезде оның артынан Исатай аудандық әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р.Қадыржанованы Астанаға жібереді. Ол тексеруші маманға 150 000 теңге қаражатты пара ретінде беруі керек болған. Бір қызығы, ол параны өз қаражатының есебінен беруі керек болыпты. Өйткені әкім келгесін сыйақы жазу арқылы ақшаны қайтарып беруге уәде берген.  Сотта Т.Сұлтанбеков кінәні мойындау туралы мәмеле түріндегі процестік келісім жасақтады. Соған сәйкес сот оған 4 560 150 теңге айыппұл салып, қылмыстық жолмен табылған мүлікті тәркілеп, өмір бойына мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырды. Сонымен қатар, сот қылмыстық істің екінші сыбайласы Р.Кадыржанованы да кінәлі деп тауып, оған 4 500 000 теңге айыппұл жазасына кескенмен, ол рақымшылық заңының қолданылуына байланысты жазаны өтеуден босатылды.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____     ______   _____     __   __    ______  
       |__  //   /_   _// |  __ \\   \ \\/ //  /_   _// 
         / //     -| ||-  | |  \ ||   \ ` //     | ||   
        / //__    _| ||_  | |__/ ||    | ||     _| ||   
       /_____||  /_____// |_____//     |_||    /__//    
       `-----`   `-----`   -----`      `-`'    `--`     
                                                        
      
       
      Наверх