Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 10:19
      Аймақ 09.03.2017, 16:39 0 пікір 439 просмотров

      Атырауда 4 адам мұз астына түсіп кетті

      Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күн жылып, мұз ерігелі 4 адам мұз астына түсіп кеткен. Соның бірі 6 наурыз күні орын алды. Кешкі сағат 19.00-де орталық көпірдің маңында  Жайық өзенінен өту кезінде 1991 жылы туған Т.Б. мұзға түсіп кетіп, оны ТЖК «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының»қызметкерлері құтқарып қалған.   


        Сондықтан қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін арнайы рейдтер ұйымдастырылып жатыр. Мамандар  тұрғындардың бейқамдығы үлкен қайғыға  алып келетінін айтып дабыл қағуда. Жақында департаменттің Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімшесі ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, Атырау қаласындағы  мұз бетіндегі көпшілік балық аулайтын жерлерге рейд жасалды. Шара кезінде департаменттің УАЗ автокөлігінің шассиінде орналасқан мобильдік кешенді құлақтандыру жүйесінің дауыс ұлғайтқышы арқылы адамдарға мұзда жүру қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау туралы  ескертілді. Сондай-ақ,  қала тұрғындары мен балықшыларға көктемгі су айдынындағы қармен жабылған көктемгі мұздың ауыр салмақты көтермейтіндігі, сең жүру кезінде өзеннің арғы бетіне өтуге болмайтындығы, әуесқой балық аулаушыларға балықшылардың көп жиналатын мұз үстіне шығу өте қауіпті және кішкентай балаларға үлкендердің қарауынсыз  мұз үстінде ойнауға болмайтындығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 258 жадынама таратылды.
      -Бұл бағыттағы жұмыстар мұз толық ерігенге дейін жалғасатын болады, - дейді Атырау облысының ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімшесінің инженері азаматтық қорғау капитаны А. Картимова.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _____     __   __   __   __   __   __  __    __  
      |  __ \\   \ \\/ //  \ \\/ //  \ \\/ // \ \\ / // 
      | |  \ ||   \ ` //    \   //    \ ` //   \ \/ //  
      | |__/ ||    | ||     / . \\     | ||     \  //   
      |_____//     |_||    /_//\_\\    |_||      \//    
       -----`      `-`'    `-`  --`    `-`'       `     
                                                        
      
       
      Наверх