Новости Атырау - Мунайлы Астана

    22 октябрь 2017, 23:18
      Қоғам 09.03.2017, 17:25 0 пікір 640 просмотров

      Іскер ару - Вероника Қошманова

      Атырау облысында іскер әйелдер саны артып келеді. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай жас та болса көп жетістіктерге жеткен, іскер қыз-келіншектердің қатарынан табылатын аруларымыз жайында сөз қозғауды жөн санадық.


       Іскер арулар Атырау аймағында жетіп артылады. Мысалы былтырғы жылы өткен «Гендерлік теңдік стратегиясы – жетістік кілті» атты әйелдер конференциясында айтылғандай, қазіргі таңда өңірдегі әйелдер 23 мыңнан астам кәсіпкерлік нысанын басқарып отыр.

      Кейіпкеріміз Вероника Қошманова да іскер аруларымыздың қатарынан ойып тұрып орын алады. Ол - «VERO Modelz» сән агенттігінің директоры, сәнгер, сән саласында нәтижелі еңбек етіп келе жатырған, талантты да дарынды қыздарымыздың бірі.

      Бала кезінен өнерге жақын Вероника жастайынан түрлі байқауларға қатысып, әнге, биге құмартып өскен. Алты жасынан Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық мектепте оқып, вокал мен биден дәріс алады.  

      Ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленетін Вероника бүгінде бірнеше мамандықтың иесі. Алматы қаласындағы педагогикалық университетінде білім алып, ағылшын және неміс тілдерін меңгерді. Сондай-ақ Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Психология, педагогика, дизайн» факультетін аяқтады.

      Кішкентай кезінен басталған әнге, биге, жалпы өнерге, сәнгерлікке, ұйымдастырушылыққа құмарлық оны сән саласына алып келді. Вероника 2009 жылы «Мисс Атырау» байқауына қатысып, жеңіске жетті. «Мисс Қазақстан» республикалық байқауында үздік ондыққа енді. Алматы қаласында оқуда жүріп, сән агенттіктерінде сәнгер болды. 2013 жылы «VERO Modelz» сән агенттігін құрды.

      Бес жылға жақын жұмыс істеп жатқан «VERO Modelz» сән агенттігі 5 жас пен 25 жас аралығындағы қыздар мен ұлдарға сәнгер болудың қыр-сырын үйретеді.  Шәкірттер түрлі сән байқауларына қатысып, жеңіс тұғырынан көрініп  жүр. «VERO Modelz» сән агенттігі сәнгер болу үшін қажетті жан-жақты терең білім береді. Оқыту бағдарламасының форматы кең.  Қыздар хореографиядан, стилистикадан, психологиядан, имидж қоюдан, сән саласы теориясынан сабақ алады. Қыздар мен ұлдар оқу барысында сахнаға шығып, қалың көрерменге өнерлерін көрсетуге мүмкіндік алады. Оқуды аяқтаған соң арнайы сертификат беріледі және жұмыспен қамтылады.

      Кәсіпкер ару Вероника елімізде кәсіпкерлерге кең қолдау мен көмектердің көрсетіліп жатқанын айтады.

      -       «VERO Modelz» сән агенттігінің қызметі арта түсуде. «Vero men», «Vero

      kids» орталықтары ашылды. Болашақта көп балалы үйде тәрбиеленіп жатырған қыздар мен ұлдарға, жағдайы төмен отбасы балаларына көмек ретінде тегін сабақ беремін. Дизайнерлік мектеп, «Vero event» агенттігін ашуды жоспарлап жүрмін. Елімізде әр адамға өз кәсібімен шұғылдануға көп жағдай жасалып жатыр. Қолдаулар жетерлік. Кәсіпкерге кәсібін жетілдіру үшін мүмкіндік мол. Мен де шағын кәсіптің иесі ретінде болашақта бизнесімді жетілдіре түскім келеді. Өзімнің қиялымдағы киім үлгілерін жасап шығып, сәнгер ретінде төл туындыларымды жарыққа шығаруды армандаймын. Қазіргі кезде осы жолда еңбек етудемін, - дейді Қошманова ханым.

      Әр уақытын алтыннан құнды санайтын іскер ару бүгінде Алматы қаласында «Kazakhstan Fashion Insitute» сән академиясында сәнгер стилист мамандығында білім жетілдіру үстінде. Танымал сәнгерлер мен дизайнерлермен біліктілік алмасуда.

      «Әдемілік әлемді құтқарады» деген ұстанымда жүретін сәнгер Вероника көктеммен бірге келген Халықаралық әйелдер мерекесімен барша аналарды, қыз-келіншектерді, жалпы арулар атауын құттықтауды да ұмытпады.

      -       Әйелдерге тек бақытты, әдемі болып жүру жарасады. Аналарымыздың

      қабағына қірбің түспесін. Көңілдері жабырқамасын! Көктемнің жайма шуақ күніндей құлпырып жүрсін, аруларымыз, - деген ақжарма тілегін арнады іскер ару


      Арайлым Бағытжан

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _     ______    ______   _    _             
      | || | ||  /_   _//  /_   _// | || | ||   ____    
      | || | ||   -| ||-     | ||   | || | ||  |    \\  
      | \\_/ ||   _| ||_    _| ||   | \\_/ ||  | [] ||  
       \____//   /_____//  /__//     \____//   |  __//  
        `---`    `-----`   `--`       `---`    |_|`-`   
                                               `-`      
      
       
      Наверх