Новости Атырау - Мунайлы Астана

    20 октябрь 2017, 20:15
      Аймақ 09.03.2017, 18:00 0 пікір 664 просмотров

      Дене тәрбиесіне – ғылыми көзқарас

      Өткен аптада Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 200-ден аса дене тәрбиесі пәні оқытушыларының қатысуымен республикалық ғылыми-әдістемелік семинар болды. Семинар жұмысына қатысқан Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облысының дене тәрбиесі пәні мұғалімдері аталмыш саладағы өзекті мәселелерді талқылап, өзара тәжірибе алмасты. Әдістемелік семинар жұмысы Қазақтың спорт және туризм академиясы, республикалық «Спорт жұлдыздары» ғылыми-әдістемелік журналының қолдауымен және Атырау университетінің ұйымдастыруымен жүзеге асты.


      Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы Мақсат Қойшыбеков, Қазақтың спорт және туризм академиясының ғылым, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық байланыстар департаментінің директоры, PhD докторы Айбол Құлбаев, Алматы облыстық білім басқармасы Дене тәрбиесі, спорт және бастапқы әскери дайындығы өңірлік оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Раушан Тоқай, «Қос Аққу» Әлия-Мәншүк атындағы спорттық-патриоттық клубының төрағасы, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қызметкері, ардагерлер арасында еркін, греплинг күрестері мен бразилиялық джиу-джитсудан әлемнің 5 дүркін чемпионы, ҚазСТА құрметті профессоры Мырза Қуаныш, «Спорт жұлдыздары» республикалық ғылыми-әдістемелік, спорттық-патриоттық журналының бас редакторы, Қазақстан жастар одағы мен Қазақстан журналистер одағы Баубек Бұлқышев және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтарының иегері, Қазақстанның үздік спорт журналисі, ҚазСТА құрметті профессоры Мусағали Тасқалиев, Атырау қаласы Педагогикалық Шеберлік Орталығының аға менеджері Есбосынов Наурызбек арнайы келіп қатысты.

      Атырау университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Г.Жарасова, «Қос Аққу» Әлия-Мәншүк атындағы спорттық-патриоттық клубының төрағасы Мырза Қуаныш өздерінің құттықтау сөздерінде барлық қатысушыларға ризашылығын білдіріп, семинар жұмысына сәттілік тіледі.   Семинардың алғашқы бөлімінде дене тәрбиесі саласындағы теориялық мәселерге қатысты баяндамалар жасалды.

      Семинар жұмысында Қазақтың спорт және Туризм академиясының ғылым, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық байланыстар департаментінің директоры Айбол Құлбаев және Атырау университетінің Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Эльмира Жандауова семинар жұмысына жетекшілік етті.

      «Спорт жұлдыздары» журналының бас редакторы Мусағали Тасқалиев    елімізде спорттың насихатталуына үлес қосып, спорт саласына еңбек сіңіріп жүрген азаматтарға марапаттаулар бар екенін атап өтіп,  «Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін» медалімен Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Абзал Талтенов пен оқу ісі жөніндегі проректоры Гүлжан Жарасова марапатталғанын хабарлады.

      Сонымен қатар «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен университеттің дене тәрбиесі және спорт саласында көп жылдардан бері еңбек етіп жүрген бір топ ұстаздары Дарьяка Тулеуова, Гүлбарам Утебалиева, Сансызбай Жұбанов, Назгүл Масатов, Ғалия Салменова, Свищ Ирина,  Бекибаев Жасұлан марапатталды.

      «Критерийлер негізінде білім беру мен бағалау мазмұнын жаңартуда  дене шынықтыру пәнінің оқыту ерекшеліктері» тақырыбында Алматы облыстық білім басқармасы Дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери дайындығы өңірлік оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Раушан Тоқай,  «Жалпы білім беретін мектептердегі президенттік тесті ұйымдастыру жолдары» бойынша Атырау қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері Наурызбек Есбосынов,  «Жалпы білім   беру мектептеріндегі оқушылардың дене дамуы және дене дайындығы» тақырыбында Атырау мемлекеттік университеті дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Аралбай Алпысбаев, «Студенттерге арналған модульді оқыту бағдарламасындағы жұмыс берушілердің атқаратын ролі» тақырыбында Атырау университеті  дене тәрбиесі мен алғашқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Эльмира Жандауова дәрістері тыңдалды.

      Семинардың практикалық бөлімі университет спорт кешенінде шеберлік сыныптарымен жалғасты. Тәжірибелік бөлімнің алғашқы сабағы «Волейболда допты астынан және үстінен екі қолмен қабылдау техникасын оқыту жолдары» аталып, Атырау университеті дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы Софья Мурзагалиева жүргізді.

      Университет спорт залында өткен дене тәрбиесі мен спорт магистрі Райгүл Хамзина өткізген «Баскетболда допты екі қолмен кеудеден беру тәсілін үйрету және допты еңгізу тәсілін қайталау» тақырыбындағы шеберлік сыныбы да қатысушыларға ерекше әсер етті.

      Тәжірибелік сабақтардың біразы Атырау облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасына қарасты №1 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің базасында өтті. Азия қазақ күрес федерациясының бас хатшысы, халықаралық дәрежедегі төреші, Атырау университетінің аға оқытушысы Рафаэль Хабиров өз сабағында қазақ күресі әдістерін үйрету негіздерімен бөлісті.

       «Ұлттық ойындарды жаңа форматтағы әдіс-тәсілдер арқылы үйретіп, оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу» тақырыбы бойынша ашық сабақты Атырау облысы Махамбет ауданы Талдыкөл мектеп-балабақша кешенінің дене шынықтыру пәні мұғалімі, облыстық «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі-2015» байқауының жеңімпазы, «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының Атырау облысы бойынша штаттан тыс тілшісі Алтын Ғабитқызы өткізді.

      Мектеп және колледж мұғалімдерінің қатысуымен өткен әдістемелік семинар дене тәрбиесі сабақтарында жас ұрпақты ұлтжандылық пен салауатты өмір салтына тәрбиелеу бойынша құнды іс-тәжирибелерімен бөліскен маңызды пікіралмасу алаңына айналды. Дене тәрбиесі пәні мұғалімдері үшін аса пайдалы форматтағы әдістемелік кеңесті республикалық деңгейде ұйымдастырған Атырау университетінің дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық кафедрасы екенін атап өтеміз.  


       Рафаэль ХАБИРОВ

      Азия қазақ күрес федерациясының бас хатшысы,

      халықаралық дәрежедегі төреші,

      Х.Досмұхамедов атындағы Атырау

      мемлекеттік университетінің аға оқытушысы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       ______    __   __   _    _    _    _             
      |      \\  \ \\/ // | || | || | || | ||   ____    
      |  --  //   \ ` //  | || | || | || | ||  |    \\  
      |  --  \\    | ||   | \\_/ || | \\_/ ||  | [] ||  
      |______//    |_||    \____//   \____//   |  __//  
      `------`     `-`'     `---`     `---`    |_|`-`   
                                               `-`      
      
       
      Наверх