Новости Атырау - Мунайлы Астана

    20 октябрь 2017, 16:44
      Аймақ 09.03.2017, 18:59 0 пікір 430 просмотров

      АТЫРАУ БЕКІРЕ ЗАУЫТЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ

      Атырау бекіре шабақтарын өсіру зауыты ғылымның соңғы жаңалықтарымен толығып келеді. Былтыр зауыт базасында бекіре тұқымдастардың генетикалық қорын жасақтау мақсатында зауыт қорындағы ірі балықтарға микроскопиялық белгілер тағылған болатын.


       

      Енді таяуда ғана зауыт ултьра дыбыстық зерттеу қондырғысын сатып алды. Мұнда жылына 3,5 млн. дана бекіре шабақтары өсіріліп, Жайық- Каспий бассейніне жіберіледі. Соңғы 5 жылда табиғи ортада ірі балық азайғандықтан, қазір тұқымдық балықтар осылайша жыл бойы зауыт тоғандарында бағымда ұсталады. Бұл орайда «Аталық- аналық балықтардың тұқымдық сапасын тексеруде жаңа қондырғының көмегі зор», дейді мамандар.  

      Бүгінде Атырау бекіре шабақтарын өсіру зауытында 200- ден аса бекіре тұқымдастарға жататын қорытпа, бекіре, шоқыр, пілмай және сүйрік балықтары бар. Қазір ресейлік балық мамандарының қатысуымен олардың тұқым алу алдындағы зерттеу, тексеру шаралары жүргізілуде.


       

      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                   ___      _____    _    _      _____  
          ___     / _ \\   / ____|| | || | ||   / ___// 
         /   ||  | / \ || / //---`' | || | ||   \___ \\ 
        | [] ||  | \_/ || \ \\___   | \\_/ ||   /    // 
         \__ ||   \___//   \_____||  \____//   /____//  
          -|_||   `---`     `----`    `---`   `-----`   
           `-`                                          
      
       
      Наверх