Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 октябрь 2017, 22:32
      Қоғам 10.03.2017, 15:26 0 пікір 423 просмотров

      Атырау облысы су тасқынына дайын ба?

      Облыста 9 - 10 наурыз аралығында  көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлау  мақсатында «Көктем-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілуде.


      Оған облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев қатысып, жетекшілік етті. Аталған оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - көктемгі су тасқыны жағдайында төтенше жағдайды жоюға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың даярлығы мен қабілеттігі деңгейін арттыру, оқу-жаттығу барысында көлік магистральдары мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс жасауы бұзылған жағдайда бағынышты күштерді басқару бойынша АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінде үйлесімділігін пысықтау болды. Оқу-жаттығу барысында ықтимал төтенше жағдайлар салдарын жоюға қызметтер мен құрылымдардың іс-әрекет етуіне  дайындығы, сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстар қорының, энергиямен жабдықтау резервтік көздерінің болуын, құлақтандыру және байланыс жүйесінің, қаланың және ауданның шұғыл әрекет ету жасақтарының  дайындығы тексерілуде. Оқу – жаттығудың бірінші күні  «Атырау-Астрахан» автожолының маңындағы «Бәйтерек» аумағында техника, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдардың саптық байқауы өткізіліп, бұл шараға барлығы шұғыл әрекет ету жасақтарынан 21 қызмет, 90 бірлік техника және жеке құрамнан 223 адам жұмылдырылды.  Ал, екінші жаттығу жоспары бойынша Жұмыскер ауылдық округінде су басқан аумақта  халықты құлақтандыру және көшіру бойынша іс-шаралар өткізілді. Содан кейін Жұмыскер-2 ықшам ауданындағы №35 орта мектепте уақытша эвакуациялау пунктінде практикалық қанат жаю және эвакуацияланғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта оқу-жаттығу штабының бағыттаушылары жедел хабарлау табеліне сәйкес ақпараттарды беру, жергілікті атқарушы органдардан, ішкі істер бөлімдері, сондай-ақ Астана және Алматы қалалары мен облыстардың және шаруашылық объектілерінің жедел топтарынан алынған мәліметтерді жинақтау үстінде.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                  _____     _____    __   __    _  _   
        ____     |  ___||  |__  //   \ \\/ //  | \| || 
       |    \\   | ||__      / //     \ ` //   |  ' || 
       | [] ||   | ||__     / //__     | ||    | .  || 
       |  __//   |_____||  /_____||    |_||    |_|\_|| 
       |_|`-`    `-----`   `-----`     `-`'    `-` -`  
       `-`                                             
      
       
      Наверх