Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 3:58
      Аймақ 10.03.2017, 15:31 0 пікір 490 просмотров

      Террористік тұрғыда осал обьектілер тексерілуде

      Атырау облысында өңірлік террористік тұрғыда осал обьектілерді тексерудің кестесі бекітіліп, осыған байланысты осы жылдың ақпан айынан бастап аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті өндірістік, сондай-ақ, адамдар көп жиналатын объектілер, ал, наурыз айынан бастап объектілер тексерілуде. Бұл жөнінде облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.


      Көрсетілген норманы орындамау кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 149-бабы бойынша (терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және террористік тұрғыда осал объектілердің қауіпсіздік деңгейін тиісті қадағалау жөніндегі міндеттерді орындамау және тиісті орындамау) үшін жауапкершілікке тартуға негіз болмақ. ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 876 қаулысына сәйкес, Атырау облысындағы террористік осал объектілері 4 санатқа бөлініп, облыс аумағындағы олардың жалпы саны 883-ті  құрап отыр. Атап айтқанда, 1-санатта - аса маңызды мемлекеттік объектілер саны 84, олар - Орталық атқарушы мемлекеттік органдардың, арнаулы, құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттары мен обьектілері, Ұлттық Банкінің объектілері. 2-санатта 40 стратегиялық объектілер, яғни ҚР Президентінің Күзет қызметі, Қарулы Күштерінің әскери бөлімшелері, Тыныс-тіршілік қамтамасыз ету объектілері, Отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды және химия өнеркәсібінің обьектілері, Су шаруашылығының обьектілері республикалық маңызы бар байланыс, теле-радио тарату обьектісі бар. 3-санатқа 20 қауіпті өндірістік объектілер - аса қауіпті, бактериологиялық, биологиялық, химиялық, есірткі құралдарын және прекурсорларын әзірлеу, өндіру, сынақтан өткізу, зерттеу және сақтау жөніндегі мемлекеттік ұйымдардың және мекемелердің объектілері жатады. Ал, 4-санатқа адамдар көп жиналатын объектілер (саны 739), яғни 500 шаршы метр және одан көп сауда алаңындағы бөлшек сауда объектілері, базарлар, сауда орталықтары мен кешендер, 100 орынды және одан көп қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, концерт залдары, спорттық және бір уақытта 200 және одан көп келушілер келетін өзге де қоғамдық ғимараттар, оқу орындары мен денсаулық сақтау ұйымдары, санаторий-курорттық ұйымдар, пансионаттар, демалыс үйлері, туристік базалар кіреді.
      ІІД-і «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 10-3 бабына сәйкес меншік нысанына қарамастан, объектілердің басшыларына Үлгі паспорттың негізінде объект паспорттың әзірлеу бойынша міндет жүктелгенін, сондай-ақ, террористік тұрғыда осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша объект паспорттарының әдістемелік ұсынымдарын Атырау ОІІД-ң Экстремизмге қарсы күрес басқармасының №11 кабинетінен алуға болатынын еске салады.  Байланыс телефондары 98-21-42,98-20-74.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
      __    __    _____      _____   _    _     _  __  
      \ \\ / //  |  ___||   / ___// | || | ||  | |/ // 
       \ \/ //   | ||__     \___ \\ | || | ||  | ' //  
        \  //    | ||__     /    // | \\_/ ||  | . \\  
         \//     |_____||  /____//   \____//   |_|\_\\ 
          `      `-----`  `-----`     `---`    `-` --` 
                                                       
      
       
      Наверх