Новости Атырау - Мунайлы Астана

    20 октябрь 2017, 13:05
      Аймақ 10.03.2017, 17:54 0 пікір 449 просмотров

      Атырау облысында заңсыз балықшыларға тосқауыл күшейтіледі

      Тамырын тереңге жіберген браконьерліктің біздің өңірде тамырына балта шабу әзірге мүмкін болмай тұр. Өйткені, аймақтағы заңсыз балық аулаушылар қылмыстық әрекеттерін тияр емес.


      Жайық - Каспий су айдынындағы браконьерліктің белең алғаны соншалық, ауланған балықтың 60 пайызы көлеңкелі экономиканың үлесіне тиесілі көрінеді. Бұл туралы көктемгі балық қорғау маусымына байланысты облыстық прокуратурада өткен үйлестіру кеңесінде мәлімдеме жасаған құқық қорғау органдарының өкілдері: «Заңсыз балық аулауға тосқауыл жасағандар, балық барымташыларына қолдау көрсеткендер жауапқа тартылатын болады», дегенді де айтқан болатын.

      Негізі, бронконьерліктің Жайық өзенінде мұз көбесі сөгіліп, балықтар уылдырық шашуға өріске шыққанда бас көтеретіні белгілі. Ал, «Жайық- Каспий» су айдынындағы браконьерлікпен күрес 25 жылдан бері нәтижесіз келетіні баршаға аян. Ширек ғасыр уақытта өңірдегі бұл сала сыбайластыққа белшесінен батып, көлеңкелі бизнес шырмауында қалған еді. Тіпті, бұл жөнінде аймақтағы прокурорлар: «Облыстық ішкі істер департаментіне қарасты су полициясы бөлімшесі қолда бар мүмкіндікті пайдалана алмай келеді», дегенді айтады.

      -  Бөлімшенің құзырында 8 су көлігі бар, оның біреуі 1000 аттың күші бар ұшқыр кеме. Бірақ жыл бойы ашқан қылмыстары төртеу-ақ. Соның ішінде 170 кг бекіре балығы мен 700 грамм уылдырық. Тәркіленген балықтан қазынаға түскен қаржы 700 мың теңге, ал өздері тек қайықтардың жанармайына ғана жылына 10 млн теңгеден астам мемлекет қаржысын шығындайды,- дейді облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Владимир МАЛАХОВ.

      Сала мамандары осылайша жоғарыда аталған келеңсіздіктерге биыл тосқауыл қойылатынын айтады. Оған басты себеп- ағымдағы жылы «Жайық-Каспий» басейнінде қуаты 20 аттан жоғары су көліктерінің шығуына тиым салынып, балық аулайтын өндірістік кооперативтердегі ау-құралдары мен көліктердің қатаң есепке алынуы.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______   _    _     ______    ______    ______  
       /_____// | || | ||  /_   _//  /_   _//  /_____// 
       `____ `  | || | ||    | ||     -| ||-   `____ `  
       /___//   | \\_/ ||   _| ||     _| ||_   /___//   
       `__ `     \____//   /__//     /_____//  `__ `    
       /_//       `---`    `--`      `-----`   /_//     
       `-`                                     `-`      
      
       
      Наверх