Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 0:57
      Қоғам 13.03.2017, 13:23 0 пікір 400 просмотров

      Түрмедегі мереке

      Атырау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты  УГ-157/11 мекемесінде жазасын өтеп жатқан әйелдер түрлі мерекелерді қызықты ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Биыл да Халықаралық әйелдер күніне арналған    «Мен - әйелмін, мен - анамын! » атты мерекелік шара жоғары деңгейде өтті.


      Аталған түзеу мекемесі  жанындағы мектеп және колледж мұғалімдері арнайы қатысқан шарада ана-әйел, ана-отбасы бақыты тақырыбында кеңінен сөз болды. Ал,  сотталғандар сахна төрінен шын жүректен ән шырқап, өлең оқып, әзіл-сықақ көріністерін қойды. Мерекелік концертті көрермендер үлкен қошеметпен қабылдап, сахналық қойылымдардан үлкен әсер алған жазасын өтеушілер  өз үйлерін, аналар есіне түсіріп, көздеріне жас алды. Қызықты өткен шарада көрермендер де, сахнадағы «әртістерде» мекеме басшылығына ризашылығын білдірді. Өз кезегінде басшылық атынан сөз алған мекеме бастығының орынбасары әділет капитаны Ж.Жұмашев сотталғандарды мерекелерімен құттықтап, тезірек бостандыққа шығып, отбасыларына оралуын тіледі. 


      Гүлзада Қожабергенқызы  

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____     _____   __    __     ___      _____   
       / ____||  |  ___|| \ \\ / //   / _ \\   /  ___|| 
      / //---`'  | ||__    \ \/ //   | / \ || | // __   
      \ \\___    | ||__     \  //    | \_/ || | \\_\ || 
       \_____||  |_____||    \//      \___//   \____//  
        `----`   `-----`      `       `---`     `---`   
                                                        
      
       
      Наверх