Новости Атырау - Мунайлы Астана

    17 октябрь 2017, 11:42
      Қоғам 24.03.2017, 11:20 0 пікір 308 просмотров

      Отанға деген аңсар

      Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті шетелден келген қазақ балаларының арман-мақсаттарының орындалуына ықпал етіп отыр. Олай дейтініміз, бүгінде шетелден еліне аңсары ауып келген қаншама жас университет қабырғасында білім алуда.


      Кейіпкерлеріміз - Ұлпан Ермұқанқызы мен Өркен Бектұрсын Қытайдан келген қазақ жастары.

      Ұлпан Ермұқанқызы 1997 жылы Қытай Республикасы Шыңжан районы Буратала облысында дүниеге келген. Ата-анасының айтуымен 2014 жылы Талдықорған облысында тұратын туыстарының үйінде тұрып, 11 сыныпты Ақын Сара атындағы орта мектептен бітіреді.

      -       Қазақстан азаматтығын алып үлгермегендіктен Ұлттық Бірыңғай тестілеуді

      тапсыра алмадым. Атырау облысына келіп, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде дайындық курсында бір жыл оқыдым. Бір жылдық курсты аяқтап, кешенді тестілеуді үздік тапсырып, Өнер және спорт мамандығы бойынша оқуға түстім.  Оқуым тегін, ай сайын шәкіртақы алып тұрамын. Университет жатақханамен қамтып отыр. Қазақ – кішіпейіл халық. Шетелден келіп білім алып жатырған біз секілді жастарды жатсынбай, бауырына тартып, оқуға, қызмет етуге мүмкіндіктер жасауда. Сол үшін де ризамыз, - дейді Ұлпан Ермұқанқызы.

      Ұлпан әңгімесінде спортпен шұғылданғанды ұнататындығын айтады. Қазақша күреске қатысып, түрлі додаларда бақ сынап, жүлделі орындардан да көрініп жүр.

      Осы елдің азаматтығын алуға құжаттарын өткізіп қойған ол оқуды аяқтаған соң Қазақстанда қызмет етуді жоспарлайды. Қытайда қалған ата-анасы мен бауырын сағынатын ол демалыс уақыттарын солардың жанында өткізуді дағдыға айналдырған.  

      Қытай Республикасы Құлжар қаласынан келген Өркен Бексұлтан қазақ отбасында туған, қазақы тәрбиемен сусындап өскен. Ойын анық, өте еркін жеткізеді. Ұлтжанды, тәртіпті және тәрбиелі. Журналистика мамандығында оқып жатырған оның сөзге шешендігін әңгімені қазақтың мақалымен бастағанынан-ақ анық байқайсыз.

      -       «Адам – ұрпағымен мың жасайды» дейді ғой. Қытайда дүниеге келсек те,

      қазақпыз. Қазақ болған соң, Қазақстанды көру арман болды. Арманым орындалып, Қазақ жерінде білім алудамын. Жазғанды ұнатамын, аздап өлең шумақтарын да шығаратыным бар, сондықтан да жаныма жақын журналистика  мамандығын таңдадым. Ақылы негізде оқуға түстім, мен сияқты шетелден келген қазақ баласына жеңілдік жасап, оқу ақысының тек 50 пайызын төлеуге рұқсат берілді. Қазақ жерінде білім алуыма рұқсатын берген ата-анама ризамын. студенттермен арақатынасымыз дұрыс. Достарым да көп, - дейді Өркен Бексұлтан бізбен сұхбат кезінде.

      Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі таяу қалғандықтан Қытайдан келген қазақ балаларынан ол жақтағы Наурыз тойын тойлануы жайында сұрағанбыз. Айтуларынша, Қытайда тұрып жатырған қазақтар Ұлыстың ұлы күнін ерекше тойлайды екен. Әр отбасы міндетті түрде Наурыз көжесін пісіріп, ауыл адамдары бір-бірін «Жыл басы – Наурыздың келуімен» құттықтап, Наурыз көжеден дәм татады. Қазақтың ұлттық ойындары теңге алу, қыз қуу, балуан күрес, көкпар тарту ұйымдастырылып, әннен шашу шашылады.

      -       Наурыз – қазақ халқының ұлттық мейрамы ғой. Сол себепті жыл сайын

      ерекше аталып өтіледі. Әр отбасы бұл мерекеге аса мән беріп, ұлттық тағамдар дайындап, көрісіп келген туыстарын күтіп, қонақтайды деп естиміз. Бірақ Атырауда туған-туысымыз жоқ болғандықтан ол жағын көрмедік әзірге. Тек университетте, орталық алаңда өткізілетін шараларды көріп жүрміз. Қытайда Наурыз мерекесі қазақтар көп шоғырланған аймақтарда өте керемет тойланады. Ұлттық тағамдар әзірленіп, ұлттық ойындар ойнатылып, қазақы дәстүрлер салтанат құрады, - дейді Өркен бауырымыз.

      Жалпы, университет қабырғасында оқып жүрген шетелден келген қазақ балалары, студент-жастарымыз жетерлік. Олардың Отанға деген аңсарын – қазақ топырағында білім алуы деп түсінеміз. Игі дәстүр жалғасын таба бергей деп тілейміз.


      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______     ___     _    _     _____    __   __  
       /_____//   / _ \\  | |  | ||  |  ___||  \ \\/ // 
       `____ `   / //\ \\ | |/\| ||  | ||__     \   //  
       /___//   |  ___  |||  /\  ||  | ||__     / . \\  
       `__ `    |_||  |_|||_// \_||  |_____||  /_//\_\\ 
       /_//     `-`   `-` `-`   `-`  `-----`   `-`  --` 
       `-`                                              
      
       
      Наверх