Новости Атырау - Мунайлы Астана

    20 октябрь 2017, 12:57
      Қоғам 24.03.2017, 12:20 0 пікір 293 просмотров

      Наурыздағы кездесу

       Атырауда Ұлыстың ұлы күні УГ-157/1 мекемесінде сотталғандардың туыстарымен кездесуге мүмкіндік берген «ашық есік күні» шарасы өтті.


      Нақты айтқанда, Атырау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемесінде  (тергеу изоляторы)  шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандарға осындай игі шара ұйымдастырылды. «Ашық есік күніне» сотталғандардың туыстарынан 26 адам келді. Мекеменің мәжіліс залында шаруашылық қызметінде қалдырылған сотталғандар мен олардың туыстарын мекеме бастығы әділет подполковнигі М. Құрмашев Наурыз мерекесімен құттықтады. Сотталғандардың туыстары да мекеме әкімшілігіне осындай шараны ұйымдастырғаны үшін шексіз алғыстарын білдірді. Содан кейін мекемеге келген қонақтарға шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандардың жатын орындары, ас қабылдайын бөлмелері, тәрбиелік іс-шаралар өткізілетін бөлмелері таныстырылды. Сонымен қатар, қазақтың салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында сотталғандардың атсалысуымен салт бойынша нәрестені бесікке салу рәсімі өткізілді. Көріністі тамашалаған туыстары ризашылықтарын білдірді. УГ-157/1 мекемесі Арнайы контингент арасында тәрбие жұмысы бөлімінің инспектор психологы И.Мұрзагұлова:
      -Біздің мекемеде жазасын өтеп жатқандар бас бостандықтарынан уақытша шектелгенімен, мерекелерді тойлау құқықтарынан айырылмаған. Айта кететін жайт -  мекемеде осындай іс-шаралардың өткізілуі әсіресе,  сотталған азаматшалар үшін маңызы зор, - дейді.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       ______    _    _              __   __   _____    
      |      \\ | || | ||   ____     \ \\/ // |  __ \\  
      |  --  // | || | ||  |    \\    \ ` //  | |  \ || 
      |  --  \\ | \\_/ ||  | [] ||     | ||   | |__/ || 
      |______//  \____//   |  __//     |_||   |_____//  
      `------`    `---`    |_|`-`      `-`'    -----`   
                           `-`                          
      
       
      Наверх