Новости Атырау - Мунайлы Астана

    17 октябрь 2017, 17:19
      Технология 24.03.2017, 12:37 0 пікір 613 просмотров

      Егер саудагерлерде POS-терминал жоқ болса...

       Еске сала кетейік, елімізде көлеңкелі бизнестің жолын кесу мақсатында сауда орындарында POS-терминал орнату міндеттелген болатын.


      Енді осы міндеттеменің орындалмауы және сатушылардың төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi қабылдаудан бас тартуы ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 194, 195 - баптарының бұзылуы болып есептеледі.

      Бұл жөнінде ҚР Ұлттық банкі Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс бөлімінің жетекші маман-экономисі  Бибігүл Кенжебекова:

      - Аталған кодекстің 194-бабы бойынша,  Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру кезiнде төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның төлем карточкаларын пайдалана отырып, оларды қабылдаудан бас тартуы - ескерту жасауға немесе шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 30, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Екіншіден, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 40, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 60, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Ал, 195-бап бойынша Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру кезiнде  төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдығы (құрылғысы) болмаса ескерту жасалады. Сондай-ақ, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеті үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 40, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 60, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатын болады, - дейді. Ол сонымен қатар, аталған баптар бойынша Қаржы полиция органдары іс қарастыратынын еске салады.


       

      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                 _    _      _____   _    _    _    _   
        ____    | || | ||   / ___// | || | || | |  | || 
       |    \\  | || | ||   \___ \\ | || | || | |/\| || 
       | [] ||  | \\_/ ||   /    // | \\_/ || |  /\  || 
       |  __//   \____//   /____//   \____//  |_// \_|| 
       |_|`-`     `---`   `-----`     `---`   `-`   `-` 
       `-`                                              
      
       
      Наверх