Новости Атырау - Мунайлы Астана

    17 октябрь 2017, 21:07
      Қоғам 27.03.2017, 15:28 0 пікір 346 просмотров

      Атырауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды

      Облыста заңмен тыйым салынған ойын бизнесімен айналысушылар саны азаяр емес. Бұған дәлел – осындай заңсыздықпен күрес жүргізіп отырған Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі тың ақпарат ұсынды.


      Аталған департаменттің Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы Кахарман ЖӘРДЕМОВТЫҢ айтуынша, жыл басынан бері  8 ойын мекемесінің заңсыз қызметі құрықталса, жүргізілген жедел-іздестіру қызметі кезінде Атырау қаласы, Авангард 2 мөлтек ауданы, 17 үй және Атырау қаласы, Әуэзов көшесі №54, «Достар» кафесінің ғимаратынан ойын сайттарын пайдалану арқылы лотереялық жүлде түріндегі заңсыз ойын бизнесінің қызметі анықталған. Осы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы 1980 жылы туған  К. деген азамат  Атырау қаласы №2 сотының үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 307-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті тәркілей отырып,  1  жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері  Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы Тайманов көшесінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 1986 жылы туған Т.-ны ұстаған. Оғанда  Жылыой аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 307-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті тәркілей отырып,  1  жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

      -Бүгінгі күні ҚР «Ойын бизнесі туралы» заңына сәйкес казино мен ойын автоматтары залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады. Яғни басқа аумақта орналасуына тиым салынған. Сондай-ақ, көрінеу заңсыз ойын мекемесін ашу не ойын бизнесін ұйымдастыру үшін ғимаратты, үй-жайды немесе құрылысты беруге, сондай-ақ көрінеу заңсыз ойын бизнесін жүзеге асыру үшін ойын жабдығын, бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық беруге тыйым салынады. Ал, заң бұзғандардың жазасы да қатал. Яғни, ойын мекемесiн заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар беру не Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастырғандығы және өткізу не ойын бизнесі саласындағы қызметін лицензиясыз жүзеге асырғандығы үшін мүлкi тәркiленiп, 2000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе  сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға дейін жаза қолданылады, - дейді Қ.Жәрдемов.


       

      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                   ___      ______   __   __    _____   
        ____      / _ \\   /_____//  \ \\/ //  |__  //  
       |    \\   / //\ \\  `____ `    \ ` //     / //   
       | [] ||  |  ___  || /___//      | ||     / //__  
       |  __//  |_||  |_|| `__ `       |_||    /_____|| 
       |_|`-`   `-`   `-`  /_//        `-`'    `-----`  
       `-`                 `-`                          
      
       
      Наверх