Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 октябрь 2017, 22:31
      Спорт 27.03.2017, 15:35 0 пікір 505 просмотров

      III Халықаралық Фитнес Конвенция Астанада өтеді

       Осы жылдың 2 сәуірінде жалпыға ортақ бұқаралық шара - III Халықаралық  Фитнес конвенция өткізілмек. Конвенцияны «KazFitnessAcademy» фитнес мектебі   Велосипед спорты бойынша олимпиадаға даярлау орталығымен бірлесе ұйымдастыруда.


      Шараға барлық фитнес және спорт сүйер қауым, Қазақстанның барлық қалаларындағы бастауыш және кәсіби фитнес нұсқаушылар, әдемілік және SPA салондар қызметкерлері қатыса алады.
      «KazFitnessAcademy» фитнес мектебінің жетекшісі Диляра Мұқантаеваның айтуынша, шараға «Дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық ғылыми-әдістемелік және талдау орталығы» РМКК, Профилактикалық медицина ғылыми мектебі, Астана қаласы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы қолдау көрсетіп отыр.  
      -Аталған конвенция, яғни Mind fitness & Aqua CONVENTION Astana 2017 – өз ісінің кәсіби шеберлері, серіктестер мен пікірлестер, фитнес әуесқойлары бас қосатын білім мен тәжірибе алаңы. Екі спорт залында, екі тақырыптық алаңқайда тек отандық фитнес жұлдыздары ғана емес, арнайы шақырылған шетелдік мамандар да жаңа әлеуетті бағыттар бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді. Онда Қазақстандық фитнес-нұсқаушылар және спорт пен фитнес әуесқойлары шынығу жаттығуларына қатысып, әлемдік фитнес индустриясының жаңа үрдістеріне қанығады. Бұл Фитнес Конвенцияның ерекшелігі – дұрыс шынығу процесінің негізі үшін қайта қалпына келтіру (реабилитация) техникаларының қажеттілігін сезіне келе, қазіргі заманғы фитнес-индустрия бет бұрған «Қайта қалпына келтіру фитнесі» (Реабилитациялық фитнес) тақырыбын ашу  болып отыр. Фитнес мамандары бұдан басқа қызметтік және кардиологиялық шынығулардың жаңа үлгілерін таныстырмақ. Олар әлемнің ірі-ірі фитнес институттары арқылы жасақталған фитнестің жаңа әдістемелерімен,  технологияларымен таныстырады.  Шеберлік сабақтарынан басқа, фитнес-жабдықтар, фитнес-тағам және спорт тағамдары, спорт пен  фитнеске арналған киімдер қойылған көрме алаңы ұйымдастырылады. Осындай шаралар фитнесте бұрынғы және қатардағы спортшылардың өздерін кәсіби тұрғыда көрсетіп, одан әрі шыңдалып өсулеріне, спорт саласында екінші тыныс ашылуына  мүмкіндік береді,- дейді Д.Мұқантаева. Айта кететін жайт – конвенция ұйымдастырушылар спортта белсенділік  танытып жүрген студенттер мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін, жетім балаларды тегін қатысуға және   «KazFitnessAcademy» фитнес мектебі  ата-ана қорғауынсыз қалған жастардың  белгілі бір бөлігін маусым сайын шынығу және аэробика залдарының  фитнес нұсқаушылығын үйрететін ақысыз курстарға шақыруда.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ____     _    _     ______     ___     __   __  
       |  _ \\  | || | ||  /_   _//   / _ \\   \ \\/ // 
       | |_| || | || | ||    | ||    / //\ \\   \   //  
       | .  //  | \\_/ ||   _| ||   |  ___  ||  / . \\  
       |_|\_\\   \____//   /__//    |_||  |_|| /_//\_\\ 
       `-` --`    `---`    `--`     `-`   `-`  `-`  --` 
                                                        
      
       
      Наверх